Филиалды таңдаңыз:
03.03.2018
БЖЗҚ өзінің дербес қызмет көрсету орталықтарына салымшылар мен алушылардың келу көрсеткішіне және сол орталықтарды күтіп ұстау шығындарына тұрақты түрде талдау жүргізеді. Соның нәтижесінде операциялық бөлімшелердің штаттық құрамын оңтайландыру немесе оларды сағаттық еңбекақыға ауыстыру немесе қызмет көрсету орталықтарын жабу туралы шешім қабылданады. Бұдан басқа, операциялық бөлімшелер үшін жалға алынған орындардың бағасы қайта қаралады. Салымшылар мен алушылар аз келетін бөлімшелер жабылады. 2018 жылдың басынан бері 13 бөлімше: бесеуі ірі қалаларда, ал сегізі кішігірім елдімекендерде жабылды. Әрине, бұл жергілікті тұрғындар зейнетақы қызметтерін ала алмайды деген сөз емес. Оларға жақын орналасқан аудан орталықтары мен қала аудандарында БЖЗҚ бөлімшелері өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Бұдан басқа, БЖЗҚ кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ бір алыс елдімекендерде көшпелі қызмет көрсетуді дамытады. Осындай жұмыстардың арқасында Қордың бюджеті 2017 жылы шамамен 20 пайызға үнемделді.
БЖЗҚ филиалдық желісін оңтайландыру жұмысы алдағы уақытта да мұқият талдау және мақсатқа сәйкестілік негізінде жүргізілетін болады. Қазіргі кезде БЖЗҚ көптеген қызметтерді зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін тағайындауға дейін онлайн тәртібінде көрсетеді. Бұдан өзге, «Қазпошта» бөлімшелері арқылы трансферагенттік қызметтер көрсету мәселесі талқыланып жатыр. Әрине, Қор мамандарымен тікелей кездесіп, олардың ақыл-кеңесін алу да өте маңызды. 2017 жылы Қор қызметкерлері шамамен 6,4 млн операцияны жүзеге асырған (бүкіл өткен жыл бойынша 6,8 млн операция). Қызметкерлер бір жұмыс күні ішінде жүзеге асыратын операциялардың саны 22 мыңнан асып жығылады. Қызмет көрсету бөліміндегі бір қызметкерге түсетін орташа жүктеме күніне 33 операцияны құраса, қызмет көрсету орталықтарында одан аздау – күніне 21 операция. Айта кетелік, әрбір операция бұл тек қана құжаттарды қабылдау және рәсімдеумен шектелмейді. Қызметкерлер сонымен қатар салымшылар мен алушыларға ақыл-кеңестерін береді. Өйткені келушілердің қоятын сұрақтары көп. Қор алдына қызметтерді әлемдік стандарттарға сай көрсету міндеті қойылған. Салымшылар мен алушылар көрсетілетін қызметтерді немесе ақпараттарды толық көлемде алулары тиіс. БЖЗҚ әзірленген стратегияға сәйкес болашақ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшыға кәсіпқой консультант және кеңесші болуға дайын. Қор мамандары азаматтарға құрметті демалысқа шыққан соң зейнетақы мөлшерінің қандай болатындығын есептеуге көмектеседі және оны көбейту жолдарын түсіндіреді.
Сондықтан салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтерді қандай да бір басқа ұйымға беру қиын, оның үстіне бұл жерде ескеретін ең маңызды жәйттердің бірі – зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтау. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында барлық жұмыс істейтін қазақстандықтардың табыстары туралы деректер жинақталған. Сондықтан бұл жерде заманауи, сенімді ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік жүйесі қажет.