Филиалды таңдаңыз:
23.04.2018
Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.
2018 жылдың алғашқы жартысында 325 мыңдай салымшыны қамту жоспарланған болатын. 2018 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 71 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы хабарласу нәтижесінде сол салымшылардың 25 пайызы (ал бұл – 8 953 адам) қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Сондай-ақ, 9 789 жеке зейнетақы шотына жарна түсті. Ал бұл, байланыс орнатылған салымшылардың 14 пайызын құрайды.
Сауалнама жүргізу нәтижесінде байланыс орнатылған салымшылардың 68 пайызының жұмыссыз екендігі, ал 15 пайызының өзін-өзі жұмыспен қамтушылар екендігі анықталды. Оларға қолданыстағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік әлеуметтік бағдарламалары бойынша ақыл-кеңес берілді. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту үшін осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.