"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

03.05.2018

БЖЗҚ кибернетикалық қауіп-қатерлерден сенімді қорғалған

БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және жаңа жобаларды іске қосу - ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді талап етеді.

2017 жылдың соңында Қор Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша ресертификациялық аудиттен сәтті өтті (BSI№ IS665369 халықаралық сертификат). Сертификат «БЖЗҚ» АҚ ақпараттарының құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің жоғары сапаға ие екендігін білдіреді.

Сондай-ақ Қор Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын аттестат алды. Бұл Қордың Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растау жөнінде мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өткендігін білдіреді.

2017 жылдың соңында KPMG компаниясы Қордың ақпараттық жүйесіне қатысты аудит жүргізді. Аудиторлар Қордың негізгі үдерістерін автоматтандыру деңгейі 82 пайызды құрайтындығын атап өтті.

Сонымен қатар «БЖЗҚ» АҚ-тың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы мен электрондық ақпараттық ресурстарына қатысты киберлік қауіп-қатерлерді анықтау және жою бойынша тиісті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жолға қойылып жатыр.

2017 жылы Қор жүйелері желілік шабуалдардың 95 түрі немесе 884 437 шабуылға тойтарыс берді. Вирустардың 208 түрі анықталып, аластатылды. Бұл ретте киберлік қауіп-қатерлер БЖЗҚ қауіпсіздік жүйесінің бұзылуына, сондай-ақ салымшылар мен алушылардың дербес деректерінің сыртқа тарауына әкеп соққан жоқ.

Ішкі бақылау жүйесі мен бизнес-үдерістерді оңтайландыру мәселелері бойынша БЖЗҚ-да көп деңгейлі қорғаныс жүйесі енгізілген. Ол Қор қызметінің үш деңгейлік қорғаныс жүйесіне, өкілеттіктерді бөліп беруге, ішкі бақылау субъектілерінің жауапкершілігін белгілеуге, ішкі бақылау жүйесіне мониторинг жүргізуге, шендік бағыну тәртібін/жауапты тұлғалардың/басшылардың міндетті түрде алдын-ала келісімін алу рәсімінің ретін сақтау бойынша талаптарға негізделген.

2017 жылдың екінші жартысынан бастап, Қорда зейнетақы қызметтерін көрсетуге қажетті жүйелердің тоқтап қалу уақытына бақылау жүргізіліп келеді. Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеу көрсеткіші 99,98 пайызды құрады. Ал көзделген мақсат 99,7 пайыз болатын.

БЖЗҚ 2018 жылы ақпараттық технрологиялар жүйесін дамытуды жоспарлап отыр. Нақты айтар болсақ салымшылар туралы ақпараттары бар деректерді криптографиялық қорғаудың құралдары мен механизмдерін, сондай-ақ, қызмет көрсету орталықтарын, мобильдік кеңселер және көшпелі қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлерін қосқанда, Қордың Корпоративтік желісінің барлық байланыс арналарын шифрлеу құралдарын дамыту бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, Қорда киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында ақпараттық жүйеден құпия ақпараттардың сыртқа шығуына жол бермейтін технологияларды дамыту жоспарланған. Бұдан басқа, Қордың салымшылары және жұмыскерлерімен жұмыс істеу барысында сәйкестендіруді күшейту көзделген. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару бойынша Операциялық орталықты құру да киберқауіпсіздікті күшейту үшін жасалатын шаралардың бірі болмақ.

Сонымен қатар, заңнамадағы өзгерістерді және жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өзгерген талаптарды есепке ала отырып, Қордың негізгі ақпараттық жүйесін жетілдіру көзделген. Бұл ретте ITIL (Information Technology Infrastructure Library) қызметтері арқылы IT басқару әдістемесі негізінде Қордың сервистік-бағдарланған ақпараттық технологиясын құру міндеті қойылған. Бұдан өзге, IT-инфрақұрылымдарын жаңғырту, Қор қызметін қалпына келтіру және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төтенше/дағдарыстық жағдай орын алғандағы Қордың әрекет ету жоспарын әзірлеу және тестілеу өткізу жоспарланған.


Просмотров 5486

Тізімге оралу