Филиалды таңдаңыз:
16.05.2018
Әзірбайжан Халықаралық Банкінің (ӘХБ) Ресей банкінің жарғылық капиталындағы үлесіне тыйым салынғаны және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Әзірбайжан Халықаралық Банкіне инвестициясы туралы ақпараттың таралуына байланысты мына мәліметті жариялаймыз:
Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде Әзірбайжан Халықаралық Банкінің бағалы қағаздары жоқ.
2017 жылы 1 қыркүйекте аяқталған қайта құрылымдау қорытындысы бойынша аталмыш Банктің қолда бар бағалы қағаздары атаулы құны бойынша 1 де 1 ара қатынасымен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбасталған болатын. Соның нәтижесінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрамына Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары қабылданды. Бұл бағалы қағаздардың сыйақы мөлшерлемесі жылына 3,5 пайыз және өтелу мерзімі - 2032 жылға дейін.
Осылайша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерінің сенімгерлік басқарушысы ретінде Әзірбайжан Халықаралық Банкімен қаржылық қарым-қатынас жүргізбейтіндігін хабарлаймыз.