Филиалды таңдаңыз:
25.05.2018
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры танымал Telegram мессенджері үшін өзінің ботын іске қосты. Пайдаланушылар жаңа қызметтің көмегімен қысқа үзінді-көшірме алу немесе үзінді-көшірмені электрондық поштасына жіберу, Жеке кабинетке кіру паролін қайта қалпына келтіру, Қордың маңызды жаңалықтары мен ағымдағы көрсеткіштерімен танысу, сондай-ақ, оның ең жақын бөлімшесін табу мүмкіндігіне ие болады.
Одан басқа, бот негізгі валюталардың (АҚШ доллары, еуро, рубль) ағымдағы бағамын хабарлайды, сонымен қатар жол қозғалысы ережесінің бұзылуына қатысты айыппұлдың бар-жоғын тексеріп, БЖЗҚ ұялы қосымшасын жүктеуге сілтеме бере алады. Алдағы уақытта боттың көрсететін қызметін кеңейтіп, барынша пайдалы және ыңғайлы ету жоспарлануда.
Аталған қызметтерді пайдалану үшін ботты мессенджерге қосу керек. Бұл үшін іздеу жолағына «enpfbot» атауы енгізіледі. Алғаш рет іске қосқанда пайдаланушыларға қызмет көрсету тілі ретінде мемлекеттік немесе орыс тілін таңдау ұсынылады. Кейін оны негізгі мәзірде ауыстыруға болады.
Еске саламыз, өткен жылдың сәуір айында Қор Telegram мессенджерінде ресми @enpfkz арнасын іске қосқан болатын. Оған жазылған пайдаланушы Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттар ала алады.