Филиалды таңдаңыз:
31.10.2018
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының 2019 жылға арналған шамасы:
1) инвестициялық табыс сомасының 5,0 пайызы;
2) зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызы көлемінде бекітілді.
Еске саламыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
Атап өту керек, аталған шамалар 2014 жылдан бері талай рет азайтылды және көрсетілген шамалардан 2019 жылға қарай:
– инвестициялық табыс сомасынан 33 пайызға (2014 жылы – 7,5%);
– зейнетақы активтерінен 40 пайызға (2014 жылы – 0,025%) төмен.
Бұған Қордың бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, көрсетілетін қызметтердің барлық дерлік түрін электрондық форматқа ауыстыру, көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі ішінде олардың үлесін арттыру жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді.