Филиалды таңдаңыз:
22.04.2019
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,43 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 209,5 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).
Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты.
2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақы төлемдері 54,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 31,6 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 7,4 млрд теңге болды.
Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 96,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңінде алынған таза инвестициялық табыстан 30 млрд теңгеге артық.
Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың сәуірі – 2019 жылдың наурызы) 11,5 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы инфляциядан 6,7 пайызға жоғары болып отыр.
Атап өту керек, Ұлттық Банк ұсынатын зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы мен инвестициялық қызметке жасалынған шолу ай сайын enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы» (www.enpf.kz/kz/indicators/invest/structure.php) және «Инвестициялық қызметке шолу» (www.enpf.kz/kz/indicators/invest/review.php) бөлімінде жарияланып отырады.
Қор клиенттерге қызмет көрсету жұмыстарын үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 6,2 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте қызмет көрсетудің электрондық тәсілі басымдыққа ие – электрондық форматта (зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірмені есепке алғанда) 5,3 миллионнан астам (немесе 85,6%) операция жүзеге асырылды.
«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте кәсіпорындар мен ұйымдарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері 6,8 мыңнан астам таныстырылым өткізіліп, оларға 211 мыңнан астам адам қатысты.
2017-2018 жылдар мен 2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде БЖЗҚ-ның таныстырылымдық шараларында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарымен 1 555 837 адам қамтылды. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 17,77 пайызын құрайды. (egov сайтының стат. дерегіне сәйкес 01.04.2019 ж. қарай елде жұмыспен қамтылғандардың саны – 8 756 300 адам).
БЖЗҚ 2018 жылы соңғы бірнеше жылда зейнетақы жарналары түспей жатқан, «ұйқыдағы» шоттарды жандандыру жұмыстарын қолға алған болатын. Бұл жұмыс жалғасын табуда. Қор мамандары 2019 жылдың басынан бері 101,3 мыңнан астам шоттың иелерімен байланыс орнатты. Олардың ішінде 5 704 адам жалпы сомасы 71 152 001 теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсенді емес шоттармен жұмыс жүргізу барысында (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 сәуірі аралығында) Қор шоттарына бірнеше жыл бойы жарна түспеген 732 895 адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында белсенді емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 208 мыңнан астам жарна түсті.
2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында (БЖТ) 41 394 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 22,2 млн теңгеге 46 064 жарна аударылды.