04.02.2021
Сот отырысына қатысты БЖЗҚ-ның түсініктемесі
«БЖЗҚ» АҚ БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ж.Т. Сулейманов мырзаның (бұдан әрі – Арызданушы) Қорға қатысты берген азаматтық талап – арызы және Қордың сот талқылауына қатысқысы келмейтіні туралы жарияланымының таралуына байланысты мынаны хабарлайды.
04.02.2021
БЖЗҚ салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға шамамен 151 млрд теңге аударды
3 ақпандағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін алу жөніндегі жедел деректер мынадай:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында уәкілетті операторлардан мақсатты пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға жолдаған 75 131 салымшының өтінішін қабылдады.
03.02.2021
БЖЗҚ қазақстандықтардың арнайы шоттарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды
2021 жылғы 1 және 2 ақпанда, яғни бірыңғай зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың алғашқы екі күнінде БЖЗҚ салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды. Осылайша «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ уәкілетті операторларынан БЗТ алу бойынша келіп түскен 20 252 өтінім орындалды.
03.02.2021
Бір апта ішінде БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын мақсатты төлемдер бойынша 60 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры операциялық күнді 2021 жылдың 1 ақпанында жауып, сегіз күн ішінде уәкілетті операторлардан салымшылардың нысаналы пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға қатысты 60 079 өтінішін қабылдады.
03.02.2021
2020 жылы БЖЗҚ салымшыларға 19,4 миллионнан астам қызмет көрсетті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылы бірқатар шектеу шаралары қабылданған эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) қарамастан, көрсетілетін қызметтер санын 2019 жылмен салыстырғанда 15% ұлғайтты. Осылайша 2021 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ салымшыларға 19,4 млн қызмет көрсетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,5 млн-ға артық.
02.02.2021
2021 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ салымшылары 3,7 миллионнан астам үзінді көшірме алды
2021 жылдың 5 қаңтары мен 31 қаңтары аралығындағы кезеңде салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 3 732 970 үзінді көшірме алды. Үзінділерде сондай-ақ, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу үшін ақы төлеуге арналған нысаналы пайдалануға қолжетімді сома туралы деректер қамтылады. Өздері көрсеткен кезең үшін зейнетақы жинақтарының сомасы мен нысаналы пайдалануға қолжетімді сома туралы ақпарат алған салымшылардың жалпы саны 1 248 185 адам.
01.02.2021
БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 49 миллиардтан астам теңге аударды
2021 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары күшіне енді.
30.01.2021
БЖЗҚ мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға өтінімдер қабылдауды жалғастыруда
2021 жылғы 28 қаңтарда «БЖЗҚ» АҚ-ға «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан жалпы сомасы шамамен 103,1 млрд теңгеге 4 426 өтінім келіп түсті, Барлық өтінім сол күні-ақ қаралды.
29.01.2021
Карантин кезіндегі БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс тәртібі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «БЖЗҚ» АҚ 2021 жылғы 01 ақпаннан 28 ақпанға дейін «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының жұмыс кестесі төмендегідей болатыны туралы хабарлайды: жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері – демалыс.
29.01.2021
БЖЗҚ үш күнде төлемдерді жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 151 млрд теңгеге жуық 27 240 өтінімді өңдеуге қабылдады
2021 жылғы 27 қаңтарда «БЖЗҚ» АҚ-ға «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан жалпы сомасы 156,2 млрд теңгеге 9 566 өтінім түсті. Келіп түскен өтінімдердің барлығын БЖЗҚ күнбе-күн қарайды.
29.01.2021
Сақ болыңыз, алаяқтар!
БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік* шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.
28.01.2021
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемдеріне арналған өтінімдерді қарауды жалғастыруда
2021 жылғы 26 қаңтарда «БЖЗҚ» АҚ-ға «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан жалпы сомасы шамамен 314,3 млрд теңгеге 17 092 өтінім келіп түсті. Келіп түскен барлық өтінімдер БЖЗҚ-да сол күні қаралды.
27.01.2021
Құрметті салымшылар/алушылар!
«БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалының Кентау қаласындағы қызмет көрсету орталығы 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап, жаңа ғимаратқа көшуін хабарлайды.
27.01.2021
Зейнетақы жинақтарының бір жолғы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім түсті
Өтінімдерді қабылдаудың бірінші күнінде-ақ, яғни 2021 жылдың 25 қаңтарында «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан «БЖЗҚ» АҚ-ға жалпы сомасы 114,6 млрд.теңгеден астам сомаға 10 292 өтінім келіп түсті. Барлық келіп түскен өтінімдерді «БЖЗҚ» АҚ сол күні-ақ, еш кідіріссіз қарады.
27.01.2021
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,9 трлн теңгені құрады.
26.01.2021
Уәкілетті операторға өтінім берер алдында жеке зейнетақы шотын тексеру туралы
Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кірістен құралады. Ол инвестициялық портфельдегі қаржы құралдарының құнына және қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты күн сайын өзгеріп отырады. Осыған байланысты зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің белгіленген шегінен асатын, алуға қолжетімді сома өзгеруі мүмкін.
25.01.2021
БЖЗҚ-ның уәкілетті операторлармен өзара іс-қимылы туралы келісімдерге қол қойылды
Заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылардың уәкілетті оператордың интернет-ресурсында электрондық өтініштерді толтыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті операторларға жүгінетіні көзделген.
25.01.2021
БЖЗҚ салымшыларының 2020 жылғы таза инвестициялық табысы 1,2 триллион теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2021 жылдың 1 қаңтарында 12,9 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кіреді.
25.01.2021
ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің күшіне енуі туралы
«БЖЗҚ» АҚ Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2019 жылдың 20 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерімен бірлесіп әзірлеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгенін хабарлайды.
21.01.2021
2020 жылы БЖЗҚ салымшыларына 193 миллиард теңгеден аса қаржы төленді
2021 жылдың 1 қаңтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 364 799 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 193,4 миллиард теңгеге 2,4 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.