30.11.2021
Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударылған зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,8 млн теңгені құрады. Бұл мезетте тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатына аударылған сомалар азаюда
2021 жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 516 743 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2 трлн теңгеден астам қаражат аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 3,9 млн теңге. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 25 қаңтары мен ақпаны аралығында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында аударылған зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 5,3 млн теңгені құраған болатын.
29.11.2021
Карантин кезіндегі БЖЗҚ Байланыс орталығының жұмыс түзімі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 01 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мынадай жұмыс кестесін хабарлайды:
26.11.2021
Қазақстандықтардың БЖЗҚ қызметтеріне сұранысы бір жылда екі есеге артты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.11.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 33,5 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,2% көп.
25.11.2021
Ұлттық банктің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы – 10,9 пайыз
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 13,2 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
24.11.2021
БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебінде 100 тарта журналист пен студент дәріс тыңдады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұртшылық арасында жүргізетін қарқынды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының аясында алтыншы жыл қатарынан қаржы журналистикасы мектебінің курсын өткізіп келеді. Ондағы мақсат – халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, БЖЗҚ қызметі, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер жайлы хабардар етіп отыру.
23.11.2021
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының өсуі бір жыл көлемінде 613 миллиард теңге болды. БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері
БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері
2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,2 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2020 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 613,5 миллиард теңгеге немесе 5% , ал 2021 жылдың қаңтар айынан бері 3 пайызға өсті.
10.11.2021
БЖЗҚ журналистерге арналған онлайн-семинар өткізеді
Міне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтері, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізіп келеді.
09.11.2021
БЖЗҚ жылжымалы кеңселері биыл 762 елді мекенге қызмет көрсетті
Еліміздің кең байтақ мемлекет, әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатыны белгілі. Сондықтан БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерімен бүкіл республика аумағын қамту мүмкін емес. Әрі ғаламтор желісі де барлық жерге жетпеген. Дегенмен Қор қызметімен жұртшылықты барынша қамтамасыз ету мақсатында шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына арнап, үш жыл бұрын «Жылжымалы кеңсе» жобасы бастау алған болатын. «Жылжымалы кеңсе» - салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған, жерсеріктік байланысты бар шағын автобус.
08.11.2021
Бәрі бақылауыңызда болсын!
Біздің зейнетақы жинақтарымыз зейнетке шығып, ақшаны өз игілігімізге жұмсай бастаған сәтімізді күтуде.
Зейнетақы жинақтарының жай-күйіне үнемі қызығушылық таныту өте маңызды. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы хабарландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
03.11.2021
Баспана алуға біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 4 млн теңгені құрады
2021 жылдың 2 карашасындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 485 772 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,96 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,0 млн теңге.
29.10.2021
1 триллион теңге көлеміндегі инвестициялық кірісті қазақстандықтар қалайша алды?
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
28.10.2021
БЖЗҚ салымшылары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеден астам табыс алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеден асты. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
27.10.2021
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 30 миллионнан астам қызмет алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.10.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 30,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% көп.
26.10.2021
БЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттары енді автоматты түрде ашылады
Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылдың 12 қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның шеңберінде тиісті өзгерістер ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына да енгізілді.
26.10.2021
Карантин кезіндегі БЖЗҚ Байланыс орталығының жұмыс түзімі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 01 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мынадай жұмыс кестесін хабарлайды:
25.10.2021
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2020 жылдан бастап 01.10.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5% өсті.
22.10.2021
Зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз қалай алуға болады?
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшін қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазір зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өздері келгенде ғана беріледі.
12.10.2021
БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша жарты миллионға жуық өтінішті орындады
2021 жылдың 11 қазанындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 458 641 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,9 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,1 млн теңге.
30.09.2021
2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.
27.09.2021
Карантин кезіндегі БЖЗҚ Байланыс орталығының жұмыс түзімі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 01 қазаннан 31 қазанға дейін «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мынадай жұмыс кестесін хабарлайды:
жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.