Филиалды таңдаңыз:
30.03.2015 БЖЗҚ: алғашқы жылдың жұмыс қорытындылары және даму перспективалары 2015 жылғы 26 наурызда жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірудің негізгі кезеңінің аяқталғанына тура бір жыл толды. Зейнетақы активтерін өткізу толық көлемде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Кестеге қатаң сәйкестікте өтті. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын сақтау, әрі көбейту, зейнетақы активтерін сенімді және табысы мол қаржы құралдарына, соның ішінде ұлттық экономикаға инвестициялау арқылы басқару тиімділігін арттыруды мақсат етіп қояды.
19.03.2015 2015 жылы зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен мөлшері туралы Салымшы (алушы) жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде (әйелдер – 58 жас, ерлер – 63 жас) міндетті зейнетақы жарналары есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш ресімдеу үшін БЖЗҚ-ның жақын орналасқан кеңсесіне өтініш білдіруі тиіс.
23.02.2015 БЖЗҚ анықтамасы енді eGov порталында қолжетімді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.
28.01.2015 БЖЗҚ-ның стратегиялық басымдықтары айқындалды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – бұл еліміздің бүкіл еңбек етуші халқы қатысатын, есеп беру, ашық қызмет, этикалық тәртіп, мүдделі тараптардың мүдделеріне құрмет көрсету, заңды басшылыққа алу және адам құқықтарын сақтау қағидаттарын берік ұстанатын әлеуметтік жауапкершілікті ұйым.