Филиалды таңдаңыз:
22.12.2020
2020 жылдың 1 желтоқсанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 342 720 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 172,1 миллиард теңгеге 2,1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 57,7 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 42,9 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 34,1 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 32,01 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,96 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,4 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 867 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды.