Филиалды таңдаңыз:
08.01.2016
Бланкілердің жаңа нысандары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеуге арналған бланкілердің 2015 жылғы үлгілері Бланкілердің жаңа нысандары күшіне енген сәтте жарамсыз болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 02.08.2015 жылғы № 342-V заңының ережелерін зейнетақы төлемдері бөлігінде іске асыру, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бланкілерінің нысандарын оңтайландыру және өзектендіру мақсатында, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасының «Зейнетақы заңнамасындағы 01.01.2016 жылдан басталатын өзгерістерге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы және зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініштер бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» 18.12.2015 жылғы № 492 бұйрығымен БЖЗҚ-ға пошта байланысы арқылы келіп түсетін ескі үлгідегі бланкілердегі өтініштерді 01.07.2016 жылға дейінгі мерзімде қабылдауды қамтамасыз ету белгіленді.
"Қызметтер" бөліміне кіріп, өтініштер бланкілерінің жаңа нысандарын жүктеуге, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу жөніндегі өзекті ақпаратпен танысуға болады.