Филиалды таңдаңыз:
04.02.2016
БЖЗҚ өзінің күнделікті қызметінде әрбір салымшыға қамқор бола отырып, хабарлау мен сервистік қызмет көрсетудің барынша ұтымды әрі ыңғайлы арналарын дамытуға ұмтылуда.
Салымшылар мен алушылардың барлығына қызмет қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ 2015 жылы мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген І және ІІ топтардың мүгедектері болып табылатын мүмкіндігі шектеулі адамдарға барып қызмет көрсету бойынша жаңа «Мобильдік кеңсе» жобасын іске қосты. Жоба – Қор бастамасы және өз салымшыларына зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен басқа да Қор қызметтерін алудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.
Жобаның негізгі мақсаты – халықтың әлуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау, сондай-ақ мүгедектерге ақпарат-кеңестік көмек беру, Қор кеңселерінен тыс зейнетақы қызметтері бойынша салымшыларға тиімді сервистік қызмет көрсету.
«Мобильдік кеңсе» жұмысы үшін өңірлердің барлығында өздері баратын мамандардың командалары құрылды. Қор қызметкерлері салымшы үшін ыңғайлы кеңес беретін және қажет құжаттарды жинайтын уақыт пен орынды белгілейді, сонан соң мүмкіндігі шектеулі адамдарға құжаттар топтамасын қалыптастырып, Қорға әкелуге көмектеседі, яғни Қордың деректер базасына енгізіп, қызмет көрсету үшін операциялық бөлім мамандарына өткізгенше көшірмелер жасайды және оларды куәландырады.
«Мобильдік кеңсе» жобасының аясында 2015 жылдың 2-жартысында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндігі шектеулі адамдардан 11 938 өтініш қабылданды. Сонымен қатар Қор базасындағы олардың деректерін өзектендіру бойынша 6 082 операция жасалып, ЖЗШ-дан 3 114 үзінді көшірме берілді.
Бұған қоса салымшыларға ыңғайлы болу үшін жуырда мүмкіндігі шектеулі салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ түзімдік және ерекше күзетілетін нысандардағы тұлғаларға барып қызмет көрсетуге Байланыс орталығы және Қор веб сайты арқылы өтінімдер қабылдау жоспарланып отыр.