Филиалды таңдаңыз:
26.10.2022
БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 қазандағы негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 14,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының өсімі 1 трлн теңгеден (немесе 7,8 %) асты.
Қазақстандықтардың жинақтарының 97% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылды. МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарында (ЖЗШ) 1 қазанға 13,7 трлн теңге жинақталған (бір жылдағы өсім 7,4% құрады). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы өткен жылдың 1 қазанынан бастап 21% ұлғайып, 422,4 млрд теңгені құрады. Ең үлкен өсімді - бір жылда 90% астам - ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олар шамамен 3,1 млрд теңгені құрады.
2022 жылдың тоғыз айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 278,5 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек.
Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде шамамен 717 млрд теңге түсті.
2022 жылдың 1 қазанына БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,0 млн бірлікке жетті. Оның 10,9 млн. - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар - 584 742 бірлік болса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан ЖЗШ саны 349 277 бірлікке жетті.
Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 1,1 триллион теңгеден асатын сома төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 879 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен көп көлемге артық.
Жасы бойынша төлемдер 21% ұлғайып, шамамен 87 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 868 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңіндегі ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.
Сондай - ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер - 47,6 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 37,6 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 1,8 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,1 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 19,5 млрд теңге аударылды.