"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

20.03.2023

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарландырудың ең ыңғайлы тәсілдерін таңдаңыз

БЖЗҚ жалақыңыздан ұсталған және БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызға (ЖЗШ) аударылған зейнетақы жарналарыңыздың уақытылы түсуіне және мөлшерінің дұрыстығына үнемі қызығушылық танытып, қадағалап отыруға кеңес береді.

 

Зейнетақы жинақтарының жай күйі туралы ақпарат алу үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады:

- enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында 24/7 режимінде;

- egov.kz электрондық үкімет порталында 24/7 режимінде;

- салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңселеріне жеке өзі жүгінген кезде;

- электрондық пошта арқылы (кестеге сәйкес);

- пошта байланысы қызметтері арқылы (жылына бір рет).

 

Қазіргі уақытта БЖЗҚ өз жинақтары туралы ақпаратты электрондық немесе дәстүрлі пошта арқылы алу тәсілдерін таңдаған салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖЗШ-дан үзінді көшірмелерді жіберу арқылы хабардар ету бойынша жыл сайынғы науқан жүргізеді.

БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін шамамен 747 мың адам таңдады. Бұл ретте ЖЗШ-дан үзінді көшірме салымшылардың (алушылардың) өздері таңдаған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта немесе жыл сайын) электрондық мекенжайларына жіберіледі. Айта кету керек, ЖЗШ-дан үзінді көшірмелерді электрондық пошта арқылы алуға ниет білдірушілер саны 12 айда кеміп, 2023 жылғы наурыз айының басында 24 мың адамға азайды. Бір кездері мұндай қызметтердің танымалдығы e-mail-коммуникациялардың дамуымен қатар қарқын алды: 2014 жылғы маусымдағы 312,2 мың адамнан 2019 жылғы қаңтардағы ең жоғары мән – 879 мың адамға дейін өсті. Ал кейіннен ақпараттандыру қызметтерін интернетте (сайтта, БЖЗҚ ұялы қосымшасында, электрондық үкімет порталында) пайдаланатын халықтың белсенділігінің өсуіне қарай төмендей бастады.

Сондай-ақ, жылына бір рет үзінді көшірмесі бар пошта конвертін алғысы келетін салымшылардың (алушылардың) саны да тез қысқаруда.

Салыстыру үшін: БЖЗҚ-дағы барлық шоттар мен зейнетақы активтері біріктірілген 2014 жылы шамамен 4 млн салымшы (алушы) зейнетақы шарттарында көрсетілген мекенжайлар бойынша пошта байланысы арқылы ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат алды. Содан бері ЖЗШ-дан өз үзінділерін пошта арқылы алғысы келетіндер саны жылдан жылға азайып, 06.03.2023 ж.жағдай бойынша 1,05 млн-ға дейін төмендеді. Тек 12 айдың ішінде 09.03.2022ж. бастап 06.03.2023 ж. дейін осындай қызмет пайдаланушылардың саны 84,4 мыңға қысқарды.

ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес тұрғылықты мекенжайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ға 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлау қажет екенін ЖЗШ-дан үзінді көшірмені пошта арқылы күтетін жандардың естеріне саламыз. Әйтпесе, бұрынғы тұрғылықты мекенжайы бойынша жіберілген хат БЖЗҚ-ға қайтарылып, бұдан әрі Қор салымшы (алушы) жаңа мекенжайы туралы хабардар еткен не хабарлаудың басқа тәсілін таңдаған сәтіне дейін ЖЗШ-дан үзінді көшірмелері бар конверттерді жеткізбейді.

Азаматтардың басым көпшілігі enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет және БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы онлайн режимінде (әлемнің кез келген нүктесінен 24/7) хабарлау тәсілін таңдады – 06.03.2023 ж. шамамен 6,4 млн адам.

           2014 жылдан бастап Интернет арқылы хабарландыру тәсілін таңдаған салымшылардың (алушылардың) саны 20 есеге жуық өсті. Тек соңғы 12 айда 06.03.2023 ж.жағдай бойынша осы қызметтерді пайдаланушылар саны 159,5 мың адамға көбейді.

           06.03.2023 ж. шамамен 3,3 млн салымшы мен алушы ақпарат алудың кеңсеге тікелей жеке жүгіну тәсілін таңдады. Негізінен мұндай статистиканы ақша қаражаты алғашқы түскенде автоматты түрде ашылатын шот иелері қалыптастырады.

           БЖЗҚ-да зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ЖЗШ ашу өтінішсіз тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі "БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде" ретінде автоматты түрде айқындалады. Оны салымшы (алушы) дербес өзгертуге құқылы.

           Ақпарат алу тәсілін айқындау немесе өзгерту мақсатында салымшы (алушы) тиісті келісімді тікелей БЖЗҚ кеңсесінде не Қор сайтында жасауы қажет.

           Айта кету керек:

           - БЖЗҚ сайтында тек бір ғана әдісті таңдауға болады, ол – "Жеке кабинет арқылы";

           - ЭЦҚ пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасында, сондай-ақ, электрондық үкімет порталында келісім жасамай-ақ алуға болады.

           Ақпарат алудың ең жылдам тәсілдері ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарын еселеу бойынша қажетті қадамдар жасау үшін өз зейнетақы құқықтарыңызды объективті бағалауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. ЖЗШ-дан үзінді көшірменің көмегімен жұмыс берушілер аударатын жарналардың дұрыстығын, толықтығын және уақытылы аударылғандығын тексеруге болады. Қалт жібермей қадағалап отырған бүгінгі бақылауыңыз Сіздің сенімді болашаққа деген мүмкіндігіңіз екенін есте сақтаңыз.


Просмотров 3151

Тізімге оралу