"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

06.04.2023

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 22-ші отырысы өтті

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 22-ші отырысында үш мәселе қаралды:

1) "БЖЗҚ" АҚ-ның 2022 жылғы қызметінің алдын ала қорытындылары.

2) «БЖЗҚ» проблемалық эмитенттердің зейнетақы активтерімен жұмысы.

3) Бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі міндетті зейнетақы жарналары.          

  Бірінші мәселе бойынша "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева сөз сөйледі. Баяндамашы БЖЗҚ қызметінің 2022 жылғы қорытындысы бойынша есеп беріп, 2023 жылғы 1 қаңтарға қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының 14,7 трлн теңге болғанын атапөтті. Бұл зейнетақы жинақтарының өсімі тек 1% құраған 2021 жылғы көрсеткіштен 1,6 трлн теңгеге (немесе 12,2%) жоғары. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі активтерінің өсу қарқыны зейнетақы жинақтарының баламалы мақсаттарға едәуір алынып тасталған кезге дейінгі активтердің өсуі жыл сайын 15-тен 20% аралығында болған көрсеткіштерге жоспарлы түрде қайтарылуда.

2022 жылы жинақтардың өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен қамтамасыз етілді. Осы ретте салымшылардың шоттарына жарналар түрінде 2022 жылы 1,7 трлн теңгеден астам қаражат түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 29% артық.

2022 жылы жарналардың барлық түрлері бойынша өсім орын алды: МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 1,65 трлн теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 28% ұлғайды), МКЗЖ бойынша 77 млрд теңге (өсім 39%) түсті, ал ЕЗЖ бойынша жарналар ең көп өсімді көрсетіп, 2,3 млрд теңгеден (өсім 190%) асты.

2022 жылғы инвестициялық табыс 914 млрд теңгеден асып, өткен жылдың қорытындысы бойынша активтердің кірістілігі оң сипат алды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары шамамен 1,2 трлн теңгеге жетіп, соманың басым бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) құрады – 918 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төлемдер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 65% төмендеді.

Толығырақ ақпарат БЖЗҚ сайтында берілген.

Екінші мәселе бойынша "БЖЗҚ" АҚ Заң департаментінің директоры Назым Бақтыбаев проблемалы эмитенттердің зейнетақы активтерімен БЖЗҚ-ның жүргізіп жатқан жұмысы туралы есеп берді.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға шоғырландыру кезеңіндегі проблемалық берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысына сәйкес 31.03.2023 ж. жағдай бойынша зейнетақы активтеріне қатысты өтелген берешектің жалпы сомасы 32,38 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 2023 жылдың1 тоқсанында ғана 4 152,2 млн теңге Қорға қайтарылды. Баяндамашы БЖЗҚ заңгерлерінің қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде проблемалы эмитенттердің берешегін, сондай-ақ, оңалту, банкроттық және тарату рәсімдерін қайтару бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқандарын атап өтті. Бұдан басқа, осы компаниялардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекет деректерін куәландыратын мән-жайлардың болуына байланысты БЖЗҚ өкілдері құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауда. Бүгінгі күні 8 проблемалық эмитенттің лауазымды тұлғаларына қатысты азаматтардың зейнетақы активтеріне залал келтіру мән-жайлары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.    

Проблемалық активтермен жұмыс туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған.

Үшінші мәселе бойынша "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаментінің Стратегия және талдау басқармасының бастығы Айжан Темірлан сөз алып, Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тетігі туралы айтты. БЖТ төлеушілер міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру және міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысады. Бұл ретте БЖТ төленетін кезеңдер мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін еңбек өтіліне енгізіледі.

А. Темірлан БЖТ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін салық режимі ретіндегі әрекеті Салық кодексінде тек 5 жылдық кезеңге - 2019 жылдан 2023 жылға дейін көзделгенін еске салды. Бұл ретте баяндамашы Кеңестің қатысып отырған мүшелеріне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген Бірыңғай төлемнің (БЖ) жұмыс беруші жүзеге асыратын салықтық төлемдердің тұтас тізбегін есептеудің стандартты тәсіліне ерікті балама ретінде БЖТ-ны алмастыру болып табылмайтынын, яғни 2024 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың белгілі бір бөлігінің зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау жүйелеріне қолжетімділікті жоғалтулары мүмкін екендігін түсіндіріп өтті.

Отырыс соңында Кеңес мүшелері ҚК келесі отырыстарын өткізудің ұйымдастырушылық сәттері мен тақырыптарын талқылады.

Отырыстың барлық материалдары enpf.kz сайтының "Қоғамдық кеңес" - "Отырыс хаттамалары, таныстырылымдар" бөлімінде ұсынылған.


Просмотров 2519

Тізімге оралу