"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

24.04.2023

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1. Зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде аударымдар сомасы 2013 жылдан басталады. Ал оған дейінгі жылдарда жасалған аударымдар туралы ақпаратты қалай алуға болады?

БЖЗҚ 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының ("МЖЗҚ" ЖЗҚ" АҚ) базасында құрылды. Барлық жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелері БЖЗҚ-ға берілді.

Жеке зейнетақы шотынан (бұдан әрі - ЖЗШ) үзінді көшірме алу - бұл салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы. ЖЗШ ашылған жеке тұлғаға оның сұранысы бойынша ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынған күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ ақысыз беруге, сондай-ақ, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткізудің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.

Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы төмендегі әдістер арқылы біле аласыз:

· электрондық:

- БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы не электрондық үкімет порталындағы (egov.kz) Жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта мекенжайы арқылы;

· тікелей БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп өтініш жасаған кезде;

· пошта байланысы қызметтері арқылы.

ЖЗШ-дан үзінді-көшірме БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылғанға дейінгі кезеңге қалыптастырылған жағдайда, ЖЗШ-дан үзінді-көшірмеге БЖЗҚ-ға мәліметтерді берген "соңғы" жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат қоса беріледі.

Қажет болған жағдайда БЖЗҚ 2013 жылға дейінгі ақпаратты бере алады. Ол үшін enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жазбаша сұраныс жолдауға немесе тұрғылықты жері бойынша БЖЗҚ бөлімшесіне сұратылған ақпарат пен қажетті кезеңді көрсете отырып өтініш жасауға кеңес береміз. Құжат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзім ішінде берілетін болады.

 

2. Басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына бере алады ма?

Елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі бар екенін ескертеміз. Тек ол азаматтарға ҚР Ішкі істер органдары арқылы тұрақты тұруға кетуді ресімдеп, БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын ұсыну керек. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығына ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарды толық ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:

· міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен – кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған кезде.

· ерікті зейнетақы жарналары есебінен – шығу ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған кезде ие бола алады.

Азаматтар зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігіне тұрақты тұруға кетуді тиісті түрде ресімдеген және басқа елдің шетелдік төлқұжатына ие болған жағдайда ғана қол жеткізеді.

БЖЗҚ-ға құжаттар тапсырудың 3 тәсілі бар:

1. Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік төлқұжатпен және банктік шот туралы мәліметтермен өзіңіз жүгіне аласыз.

2. БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен Сіздің өкіліңіз (сенімді тұлға) жүгіне алады. Өзімен бірге: Сіздің шетелдік төлқұжатыңыздың немесе азаматтығы жоқ адам ретіндегі куәлігіңіздің нотариалды куәландырылған көшірмесі; өкілдің (сенім білдірілген тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат; нотариалды куәландырылған сенімхат; сіздің банктік шотыңыз туралы мәліметтер болуы тиіс.

3. Қажетті құжаттарды пошта арқылы жіберсеңіз болады. Құжаттар тізімі: нотариалды куәландырылған қолы бар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш; шетелдік төлқұжаттың немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; банк шоты туралы мәліметтер. Жиналған құжаттар топтамасын БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу тек алушының банктік шотына, оның ішінде зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығына назар аударамыз. Зейнетақы жинақтарын өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына төлеуге жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына бере алмайды.

 

3. Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар зейнетақы аударымдарын жасай ала ма?

ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 2-бабына сәйкес, егер басқа заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандыру құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.

ҚР "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңының 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болып айқындалған.

Демек, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер заңда өзгеше көзделмесе, БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аудару жолымен, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға толыққанды құқықтары бар.


4.    Маған ота жасалғаннан кейін 2 топ мүгедектігі берілді. Мүгедектік маған 5 жылға тағайындалды. Зейнетақы төлемін зейнет жасына толғанға дейін ала аламын ба? 1 және 2 топтағы мүгедектік бойынша зейнетақы қалай тағайындалады?

ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңында 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар жеке тұлғалардың МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда ғана зейнет жасына толғанға дейін алуға құқығы бар екендігі көзделген. Бұл ретте ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін мүгедектік тобы мен оның мерзіміне қарамастан алуға болатынын атап өтеміз.    

Барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсыру тәсіліне байланысты БЖЗҚ-ның enpf.kz корпоративтік веб-сайтындағы "Қызметтер" – "Алушыларға" бөлімінде орналастырылған:.


5. Менің тіркелген және тұрғылықты мекенжайым өзгерді. Оны БЖЗҚ жүйесінде қалай өзектендіруге болады?

Заңнамада салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті деп көзделген.

БЖЗҚ-ның өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістерге, егер хабарлама беру кезінде осы мекенжайлар пайдаланылса, салымшының (алушының) тұрғылықты мекенжайының, электрондық мекенжайдың (e-mail) өзгеруі жатады.

Өзгерістерді төмендегі әдістер арқылы жүзеге асыруға болады:

- БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық қызметке QR-қол қоюды немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;

- БЖЗҚ кеңсесіне тікелей жеке өтініш жасаған кезде;

- "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне өзі келіп жүгінген кезде. "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің тізімі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Қазпошта "АҚ-мен ынтымақтастық" бөлімінде орналастырылған.


Просмотров 4423

Тізімге оралу