"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

26.06.2023

БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 маусымдағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 24% өсті

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 15,8 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес күнінен бастап ол шамамен 3,07 трлн теңгеге немесе 24% өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 23,8% ұлғайып, 2023 жылғы 1 маусымға 15,3 трлн теңгеге жетті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары шамамен 495,3 млрд теңге, бір жылда 32,2% ұлғайды.

Ең үлкен өсім – 64% астам нәтижені ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақталған қаражат көрсетіп отыр. Олар 2023 жылғы 01 маусымда шамамен 4,2 млрд теңге болды.

1 ЖЗШ-дағы МЗЖ есебінен жинақтардың орташа мөлшері – 1 396,2 мың теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 22,4% артық. Есепте барлық салымшылардың, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енді ғана кіргендердің де, жүйеге 25 жыл бойына жарна аударып келе жатқандардың да жеке зейнетақы шоттары ескерілді. Жинақ сомасына салымшының табысына тәуелді жарналардың жүйелілігі мен сомасы үлкен әсер етеді.

Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен қалыптасады. Бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы зейнетақы жарналары 836,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% артық: өсімді МЗЖ (ЖЗШ-ға 796,6 млрд теңге түскен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 27%), МКЗЖ (39,2 млрд теңге, өсім 25%) көрсетті. ЕЗЖ көлемі 899 млн теңгені құрады.

2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы таза инвестициялық кіріс – 493,4 млрд теңге.

БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары жыл басынан бері шамамен 172 млрд теңге болды. Бұл соманың басым бөлігі – 64,7 млрд теңге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЖТ) тұрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен 13 есеге төмендеді.

Зейнетақы жасына байланысты төлемдер – шамамен 59,9 млрд теңге.

Сондай – ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 20,9 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 14,9 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 млрд теңге, жерлеуге берілетін төлемдер – 2,3 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 8,1 млрд теңге аударылды.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 101 теңге болса, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 742 692 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 360 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 707 326 теңге болған.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қордағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,18 млн бірлікке жетті. Оның ішінде 10,99 млн. жеке шот міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Ал МКЗЖ бойынша шоттар саны – 615 171 бірлікке тең. 373 708 ЖЗШ ерікті зейнетақы жарналарының есебі бойынша ашылған.

Зейнетақы активтері, оның ішінде республика өңірлері бөлінісі бойынша статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.


Просмотров 2936

Тізімге оралу