"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

01.07.2023

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 25-отырысы өткізілді

Әлеуметтік кодекстің күшіне енуі қарсаңында Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе – ел үшін маңызы зор құжатты талқылау болды. Оның негізгі аспектілерін түсіндіру мақсатында Кеңес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованы шақырды. Вице-министр кодекстің басты новеллаларын жариялауға егжей-тегжейлі тоқталып, құрылымына назар аударды. Онда барлық тараулар ел азаматының туғаннан бастап қартайғанға дейінгі өмірлік цикліне сәйкес орналасқан.

Баяндамашы бірінші новелланың мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылатын және 6,3 млн қазақстандық отбасы немесе 19,4 млн азамат туралы ақпаратты қамтитын отбасының цифрлық картасына арналғанын атап өтті. Оны іске асырудың басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Цифрлық карта әлеуметтік саясаттың бағыттарын қалыптастыру, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі мен әл-ауқатының дәрежесіне сүйене отырып, адамдарды оларға тиесілі мемлекеттік қолдау туралы хабардар ету құралы ретінде қызмет етеді. Ол сондай-ақ жәрдемақылар мен төлемдердің ақпараттық жүйе деректері негізінде проактивті форматта тағайындалатынын да атап өтті.

Вице-министр балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілдері туралы баяндады. Ол отбасының цифрлық картасын пайдалана отырып, әлеуметтік мәртебесіне қарай жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыруға, сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтуға қатысты новеллалар талқыланды.

Зейнетақымен қамсыздандыру саласына ерекше көңіл бөлінді. Назгүл Ерікқызы базалық және ортақ зейнетақы мөлшерін есептеу өлшемдеріндегі өзгерістер, базалық зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін кезең - кезеңімен 70%-ға, жоғары өлшемін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120%-на дейін жеткізу туралы хабардар етті.

Зейнетақы мөлшерін арттыруға, сондай-ақ, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен жұмыскерлердің пайдасына шартты-жинақтаушы зейнетақы құрамдауышын енгізудің ықпал ететіндігі де атап өтілді. ЖМЗЖ 2024 жылғы 1,5%-дан 2027 жылға қарай 5%-ға дейін бес жыл ішінде кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл шара отандастарымыздың жас буынын зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға бағытталған. Олардың зейнетақы мөлшері зейнетақы жарналарының аударымдарына тікелей байланысты және ол 3 құрамдауыштан тұрады: базалық зейнетақы төлемі және ортақ зейнетақы – мемлекеттен, жинақтаушы зейнетақы – өз аударымдары есебінен және шартты жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен беріледі.

 

Вице-министрдің баяндамасын талқылай отырып, Кеңес мүшелері жұмыс берушінің жарналары есебінен қызметкердің жинақтарының дербестендірілген сипатын енгізе отырып, заңнамаға өзгерістер енгізу қажет деген пікірлерін білдірді. Өйткені, бұл әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің идеологиясы – еңбек қызметі кезеңінде зейнеткерлік өмірді қамтамасыз ету үшін өзінің зейнетақы жинақтарын жеке қалыптастыруға жауап береді.

 

Екінші мәселеге ауыса отырып, Кеңес "БЖЗҚ" АҚ Зейнетақы активтерін есепке алу және есеп беру департаменті директорының м.а. Әлия Түсееваның зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу ерекшеліктері туралы ақпаратын тыңдады. Баяндамашы зейнетақы активтері бойынша инвестициялар портфеліне сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу үрдісін, қаржы активтерінің жіктемесін (ХҚЕС және "БЖЗҚ" АҚ пайдаланатын стандарттармен салыстыра отырып), қаржы активтерінің санатына жатқызу тәртібін, оларды бағалау қағидаларына және т. б. сәйкес амортизацияланған және әділ құн бойынша бағалауды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер туралы хабардар етті. Сондай-ақ, шетелдік зейнетақы қорлары/операторлары қолданатын қаржылық есептілік стандарттары туралы ақпарат берді.

Баяндаманы тыңдағаннан кейін Кеңес мүшесі Мұрат Темірханов зейнетақы активтері бойынша есептілікті оның дұрыстығына кепілдік беретін және активтерді әділ құн бойынша бағалауды ескеретін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес қолдану қажеттігін атап өтті. Ол өз пікірін ағымдағы күнге активтерді инвестициялаудан түскен нақты пайданы/шығынды көрсететін есеп арқылы салымшылар мен сыртқы пайдаланушылар зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін объективті түрде бағалай алады деп тұжырымдады.

Кеңес отырысына шақырылған Ұлттық Банктің (ҚРҰБ) және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) өкілдері де осы мәлімдемеге түсініктеме берді.

ҚНРДА бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Алмабек Жанбеков бухгалтерлік есеп стандарттарын ҚРҰБ айқындайтынын, бұл ретте "БЖЗҚ" АҚ жылдық аудиттелген есепте ақпаратты толық көлемде көрсететіп, ашатынын, қабылданған стандарттардың активтерін есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен түбегейлі айырмашылықтар жоқ екенін түсіндірді.

Алайда, мөлшерлемелердің едәуір өсуі жағдайында өтелгенге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды ағымдағы мөлшерлемелер бойынша үнемі қайта бағалаудың қажеті жоқ. Ал инвестициялардың ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, оларды амортизацияланған құн бойынша жіктеген жөн. Бұл мөлшерлемелердің жиі ауытқуы мен бір экономикалық цикл ішіндегі шамадан тыс құбылмалылықтың әсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Мұндай ауытқулар пайданың экономикалық мәнін /ұзақ мерзімді аспектідегі шығындарды көрсетпейді.

ҚРҰБ Бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары Әсел Малдыбекова "БЖЗҚ" АҚ қабылдаған есептілік стандарттарының ХҚЕС стандарттарына қайшы келмейтінін атап өтті. Әр елдің өзіндік есеп беру стандарттары бар. ХҚЕС – бұл компаниялардың қаржылық есепті қалай жүргізетінін, онда қандай экономикалық операцияларды көрсететінін және есептілікті қалай жасау керектігін анықтайтын ережелер жиынтығы. ХҚЕС-те пайымдауларды қолданудың өзгергіштігін болжайтын қаржылық есептілікті жасау қағидаттары ғана сипатталады. Ал қабылданған Ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары оны жүргізу мен рәсімдеу тәсілдерін қатаң реттейді. Ол "БЖЗҚ" АҚ активтерді әділ құны бойынша біржақты бағалайтынын атап өтті. Алайда, жіктеу мәселесі өзекті: ол үшін қандай алғышарттардың қолданылуы керектігі, кейде құралды ағымдағы құны бойынша көрсетудің қажеті жоқ жағдайлардың болатыны атап өтілді. Себебі, уақытша шығынды белгілеу зейнетке дәл сол сәтте шығатын адамдардың зейнетақы мөлшеріне әсер етуі мүмкін.

Зейнетақы активтері "көп күтетін" ақша болғандықтан, бұл тәсілді Кеңес мүшелері Әділ Мамажанов пен Азамат Жолдасбеков қолдады. Олар зейнетақы портфелінің ұзақ мерзімді инвестицияларын бағалау кезінде, бірінші кезекте, көрсеткіштердің қысқа мерзімді өзгерістерін емес, салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындау үшін активтер құнының жеткіліктілігінің арақатынасын ескеру қажет екенін атап өтті.

        

Отырыс соңында Кеңес бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, ҚК басшылығын сайлау өтті. Кеңестің төрағасы болып Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев, ал оның орынбасары болып белгілі журналист Ирина Ледовских сайланды.


Просмотров 3465

Тізімге оралу