Филиалды таңдаңыз:
27.10.2023
Біз Алматыда өткен "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелінің қонақтарымен болған ең қызықты сұхбаттарды жариялауды жалғастырамыз. Аталмыш іс-шараға жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар қатысты. Бұл жолы сіз Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (Швейцария) аға жоба менеджері, доктор Гийом Фийонның зейнетақы жүйелерін дамытуға қатысты өзекті сауалдарға берген жауаптарымен таныса аласыз. Ол жұмыспен қамтудың жаңа форматтары бойынша еңбек етіп жүрген азаматтарды зейнетақы жүйесіне тарту және осы үрдісте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолдары туралы әңгімелейді.
Сұхбатты БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан тамашалаңыздар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің қаржылық тұрақтылығы мәселелері және оларды шешу жолдары, жұмыспен қамту форматтарының өзгеруі, адамға туғаннан қайтыс болғанға дейін әлеуметтік қорғауды ұсыну және тағы басқалар туралы Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) президенті Мохаммед Азман айтқан болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=MB3ovYQnpOo
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыздар.