Филиалды таңдаңыз:
29.11.2023
Ашық есік күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүр бойынша өз қонақтарын "Ұлттық қор - балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларының мақсатын, оны іске асыру тетігін түсіндіру және қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін қабылдайды.
Кезекті Ашық есік күнінің басты күн тәртібі "Ұлттық қор-балалар" тақырыбы болды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылады, оған сәйкес барлық балалары - Қазақстан азаматтарына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% - ы есептелетін болады. Бұл ретте кіріс жекелеген кезеңдерде инвестициялық кірісті төмендетудің ықтимал тәуекелдерін барынша азайту мақсатында есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішінде орташаланады.
Балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастырады және оларға қосымша инвестициялық табыс есептелетін болады.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы жинақтар мен инвестициялық табыс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Алушының кәмелетке толғаннан кейін 10 жыл ішінде төлемдер алуға өтініші болмаған кезде талап етілмеген нысаналы жинақтау сомалары ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына аударылуға жатады. Оларды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының негізгі мақсаты - жас ұрпақты қолдау және оған тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе ұлттық жинақ есебінен білім алуға мүмкіндік беру. Қазақстандық балалар нысаналы жинақтарды оқуға, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға пайдалануға мүмкіндік алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бағдарлама операторы ретінде айқындалды. Оның міндеті - нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтарды төлеуді жүзеге асыру.
Баланың бағдарламаға қатысушысы болып табылатындығы туралы ақпаратты оның заңды өкілдері egov.kz. порталындағы жеке кабинетінен ала алады
Бұдан басқа, бағдарлама бойынша тұрақты есептер БЖЗҚ-ның enpf.kz. ресми сайтында орналастырылатын болады.
Баланың Ұлттық қордан аударымдары алушылар базасына түсуі үшін ата-аналарға немесе балалардың басқа да заңды өкілдеріне қандай да бір құжаттарды жинаудың, шот ашудың, қандай да бір жерге жүгінудің қажеті жоқ, өйткені, бұл үрдіс автоматтандырылған. БЖЗҚ ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп тиісті интеграциялық жұмыс жүргізеді және "БЖЗҚ" АҚ-да шоттар "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасы негізінде автоматты түрде ашылатын болады.
Балалардың ата-аналарына (немесе заңды өкілдеріне) egov.kz. порталында кәмелетке толмаған баланың ЖСН енгізуінің бар-жоғын және дұрыстығын алдын ала тексеру ұсынылады.
Осы және тағы басқа мәселелер туралы Ашық есік күніне қатысушылармен кездесуде Қор мамандары айтты.
Кездесуге қатысушылар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қашан және қалай іске асырылатыны, балалар өз жинақтарын қалай және қандай мақсаттарға ала алатыны, жыл сайынғы түсімдердің сомасының қалай есептелетіні, ата-аналарға немесе заңды өкілдерге Ұлттық қордан есептелген қаражат туралы ақпаратты қайдан және қалай алуға болатыны, алғашқы қаражаттың балалардың шоттарына қашан түсетіні және т. б. сұрақтарға жауап алды.
Қор мамандары "Ұлттық қор балаларға" жаңа әлеуметтік мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тетігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, барлық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара барлық қатысушылардың үлкен қызығушылығы мен қызу пікірталасын тудырды.