Филиалды таңдаңыз:
17.02.2016
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты конституциялық құқығын іске асыруға мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын реттейді.
Заңның 50-бабының ережелеріне сай жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы Заңда көзделген заттай құқықтар қатарына жатады және Заңда белгіленген ерекше мақсаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға да пайдалануға болады.
Міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалар тізбесі Заңның 31-бабының ережелерімен белгіленген және толық.
Сонымен, МЗЖ есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегі тұлғаларға беріледі:
1) зейнет жасына толған соң:
63 жасқа толған ерлер,
58 жасқа толған әйелдер:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жас;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жас;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жас;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас;
2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, зейнетақы жинақтары ең аз зейнетақы мөлшерінен төмен емес төлемді қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде:
55 жасқа толған ерлер;
50 жасқа толған әйелдер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап):
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жас;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жас;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жас;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жас;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;
4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
Сонымен қатар БЖЗҚ-да МЗЖ есебінен зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.
Оның үстіне алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына толмаған тұлғалар қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не оны жерлеген тұлғаға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселік көлемінің шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан артық емес біржолғы жерлеуге төлем жасайды.
Осылайша, БЖЗҚ жоғарыда аталған біржолғы жерлеуге төлемді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жағдайларда зейнетақы төлемдерін, оның ішінде салымшыларға біржолғы (бір реттік) төлемдер жасамайды.