Филиалды таңдаңыз:
19.02.2016
2016 жылғы 19 ақпанда «БЖЗҚ» АҚ Орталық аппаратында ҚОР басшылығымен БАҚ өкілдерінің кездесуі өтті, онда Қор қызметінің негізгі көрсеткіштері ұсынылды.
Журналистермен кездесу барысында БЖЗҚ активтерін түрлі қаржы құралдарына инвестициялау, электрондық қызметтерді дамыту жөнінде мәселелер қозғалды, сондай-ақ ҚР зейнетақы заңнамасы талқыланды.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызы зор қаржы институты болатынын түсінуіміз керек. Еліміздің Үкіметі мен БЖЗҚ тек салымшылардың мүдделері үшін жұмыс істейді. Қазақстан зейнетақы жинақтарына мемлекет тарапынан тікелей кепілдік берілетін азғантай елдердің қатарында тұр. Бұл кепілдік әр салымшы зейнет жасына келгенде бүкіл жыл үшін кем дегенде инфляция деңгейі есебімен алатын болады», - деп түсіндірді «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы Руслан Серікұлы Ерденаев.
Кездесуде халықаралық тәжірибе туралы да айтылды, атап айтқанда батыстағы зейнеткерлердің өмір сүру деңгейі туралы өзекті мәселе көтерілді. «Бүгінгі зейнетақы жүйесінде жасалып жатқан жаңғыртулар бізге сонау Кеңес одағы заманынан қалған ортақ зейнетақы жүйесінен біртіндеп шығуға мүмкіндік береді. Осылайша, бүгінгі таңда дамыған елдерден көріп жүрген зейнетақы деңгейіне қол жеткізуге болады. Бірақ, Еуропада адамдар жинақтаушы жүйеден бөлек ерікті аударымдардың түрлі құралдарын пайдаланады. Ең бастысы біз адамдар зейнетке толғанда өзінің орташа жалақысының кемінде 40%-ын алуға мүмкіндік алатын халықаралық стандартқа қол жеткізуге тырысып жатырмыз», - деді Р.С.Ерденаев.