"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

09.02.2024

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. 

1. ЖМЗЖ қандай қаржыдан төленеді? Ол қандай көлемде беріледі және жарнаның мөлшері қалай өзгереді?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Енді әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-ға қызметкердің табысынан міндетті 10 пайыздық жарналардан бөлек, қызметкерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен қосымша жарналар аударуға міндетті. Ерекше атап өтейік: жарналарды төлеу жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады, бірақ олардың мөлшері қызметкердің табысынан есептеледі. 2024 жылы бұл 1,5 пайызды құрайды. 2028 жылға дейін жыл сайын жарна мөлшері 0,5% - ға ұлғайып, 2028 жылы 5% мөлшеріне жетеді:

·      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз;

·      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз;

·      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз;

·      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз;

·      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз. 

 Маңызды жәйт: ЖМЗЖ тек 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған жұмысшыларға аударылады. Бұл ретте қызметкердің ай сайынғы табысы ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы және ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

 ЖМЗЖ-ны бірыңғай төлем құрамында төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жұмыскердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі ЖМЗЖ үлесі:

-   2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7 пайыз;

-   2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайыз;

-   2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайыз;

-   2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайыз;

-   2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19,0 пайыз болмақ.

  Естеріңізге сала кетейік, бірыңғай төлемді арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.

2.  ЖМЗЖ енгізу туралы шешімнің мақсаты қандай?

   Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу туралы ой елімізде соңғы бірнеше жыл бойы талқыланып келеді. Ол 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына енгізілген. Әлемдік тәжірибеде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру бойынша ортақ жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлінеді. Ал жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын төлеуге қатысуы - бұл қызметкердің зейнетақымен қамсыздандырылуы үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидатын іске асырудың классикалық моделі. ЖМЗЖ енгізілуімен бірге жұмыс істейтін отандастарымыздың жеке зейнетақы жинақтары жұмыс берушінің жаңа міндетті зейнетақы жарналары есебінен толықтырылатын болады. Бұл 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлерге зейнетақының анағұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Себебі, қызметкерлердің осы санатының 1998 жылға дейін ортақ жұмыс өтілі жоқ немесе олардың ортақ жүйедегі жұмыс өтілі шамалы. Бұл азаматтардың зейнетақысы үш құрамдауыштан тұратын болады: базалық зейнетақы - мемлекеттен, жинақтаушы зейнетақы - олардың БЖЗҚ-ға аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен беріледі. Бұл ереже міндетті жарналар 2028 жылы 5 пайызға жеткенде толық күшіне енеді.

3.      ЖМЗЖ-ның енгізілуі жұмыс беруші үшін салмақ болмай ма?

Жаңа құрамдауышты енгізу – (ЖМЗЖ) - басқа міндетті төлемдердің енгізілуіне байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлерге жүктеме біркелкі бөлініп, оларға бизнесті өз бюджетінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге дайындауға мүмкіндік берілді. Қазір қызметкерлер үшін қосымша төлем бірден енгізілмей, біртіндеп енгізілуде: 2024 жылы қызметкердің табысының бір жарым пайызынан бастап 2028 жылға қарай 5 пайызға дейін өсіріледі. Сондай-ақ, Салық кодексіне сәйкес төленген ЖМЗЖ сомасы салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімдерге жатқызылады, яғни бизнеске жүктеме қолайлы деңгейде қалады.

4.  Жұмыс берушілер ЖМЗЖ-ны қалай аударады?

 Егер агент (жұмыс беруші) арнайы салық режимін таңдамаған болса, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу сияқты кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуі керек.

   Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар ЖМЗЖ-ны кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Ұсталған (есепке жазылған) ЖМЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады:   

Атауы

                                                              Деректемелері

Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ12009NPS0413609816

Бенефициар БСН

160440007161

ТТК:

ТТК

   Төлем тағайындау кодының атауы

ТТК 089

  жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

ТТК 098

 жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін өсімпұл

   

5. Жұмыс беруші ЖМЗЖ төлеу тәртібін бұзған жағдайда қайда жүгінуге болады?

      Әлеуметтік кодексте жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын тек өз қаражаты есебінен төлеу міндеті нақты айқындалған. Салымшылар жарналардың осы түрінің түскені туралы мәліметті жарналардың барлық түрлері бойынша ақпарат берілетін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеден көре алады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы және толық төлеуін бақылау Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жүктелген. Егер жұмыс беруші қызметкерге қатысты қандай да бір заң бұзушылыққа жол берсе, онда МКК-ға жүгіну қажет.


Просмотров 4285

Тізімге оралу