"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

12.02.2024

«Ұлттық қор - балаларға»: бағдарламасы 2024 жылы басталып, қалай жүзеге асырылуда

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылғаннан кейінгі алғашқы нәтижелерді бағамдай отырып, төмендегі деректерді атап өтуге болады:

1 ақпан күні Қазақстан азаматтары болып есептелетін барлық балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан (бұдан әрі – Ұлттық қор) алғашқы қаржы аударылды. Бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелді. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшеріндегі бірдей сома аударылды.

Бұл алғашқы есептеу екенін түсінген маңызды, жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен сома ұлғайып отырады.

Сондай-ақ, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында одан әрі инвестициялануын жалғастырады. Ол Бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкелетінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, 18 жасқа 2024 жылы толатын 304 815 балаға аталған сома олардың БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Олар өздерінің нысаналы жинақтарын кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үйге немесе білім алуға бірден пайдалануға құқылы. Айта кету керек, бағдарлама жұмысының алғашқы бес күнінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтардың төлемін алуға 30-дан астам өтінім келіп түсті. Олар бойынша уәкілетті операторда ашылған шоттарға төлемдер жүргізілді.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушыларға 2023 жылғы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар сомасын есептеу

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жылдық мәнде 1,39 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірісі. Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі 2,6% (АҚШ долларымен) болды. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% – бұл 2024 жылы есептелетін нысаналы талаптар сомасы - 695,5 миллион АҚШ доллары.

БЖЗҚ-ның «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарының тізімі қалыптастырылды. Оның құрамына 6 919 131 бала кірді, ішінде 2024 жылы 18 жасқа толатын 304 815 қатысушы да бар.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% мөлшері (695,5 млн АҚШ доллары) Бағдарламаға қатысушылардың санына (6 919 131 бала) бөлініп, нәтижесінде олардың әрқайсысы 100,52 АҚШ долларын алды.

   «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының негізгі ережелерімен таныстырып, БЖЗҚ-ға түсіп жатқан сауалдарға жауап берейік:   

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға мүмкіндік беру.

Бағдарлама аясында балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат олар 18 жасқа толғанға дейін есептелетін болады.

Бала 18 жасқа толған жылы оның нысаналы талаптары АҚШ долларындағы ақшалай баламасы түрінде көрсетілген және 18 жасқа толған нысаналы жинақтарды алушылар тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) есептелген нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болады.

Нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану жөніндегі егжей-тегжейлі шарттар БЖЗҚ-дан нысаналы жинақ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдаланудың тиісті қағидаларында реттелген. 

 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушылары ретінде қоса алғанда 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. туған Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балалар тіркелді. Келесі жылдары туған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады.

 БЖЗҚ жыл сайын «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) негізінде кәмелетке толмаған азаматтардың тізімін қалыптастырады. Егер бала осы дерекқорға қосылса, ол автоматты түрде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушысы болады және оған нысаналы талаптардың есептелетініне кепілдік беріледі.

 Егер бала қандай да бір себептермен нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізілмесе және олардың жалпы саны есептеу кезінде ескерілмесе, бірақ осындай қатысушы болуға құқығы болса, онда нысаналы талаптар өтініш берген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған кезең (кезеңдер) үшін есептеледі. 

  Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болады. Сондай ақ әрбір балаға жасалған есептеулер туралы мәліметті ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетінен тексере алады.

  Айта кету керек, бағдарлама жұмысының бірінші күні - 2024 жылдың 1 ақпанында бұл бөлімге 2 миллион 700-ден астам адам кірді. ЖСН бойынша шамамен 5,5 млн сұраныс өңделді.   

   Республиканың өңірлері, ондағы балалардың жасы, жынысына қарай есептелген сомалар бойынша статистикалық есеп enpf.kz сайтында орналастырылған.

Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде, БЖЗҚ ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.

- Егер бала қандай да бір себептермен 2024 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың тізіміне енбесе, балалардың заңды өкілдеріне мынадай құжаттар мен деректерді тексеруге кеңес береміз:

·  балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);

· жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т. А. Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;

· "электрондық үкімет" веб-порталындағы "Цифрлық құжаттар" (Отбасы) бөлімінде өзінің Жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуы, тіркелуі және дұрыстығы. Бұл ресурста бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады.       

     Егер балада:

· жеке басын куәландыратын құжат жоқ, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;

· азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінген жөн.

    ЖТ МДҚ-ға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісі өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады.

Еліміздің маңызды әлеуметтік жобаларының бірі «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасының мақсаты - Ұлттық қордың басты парызын орындау: болашақ ұрпақ үшін жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу.

    Бағдарламаның енді ғана басталғанын, нысаналы талаптар сомасының Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғаятынын және бұл қаражаттың өскелең ұрпақтың ересек өмірге нық қадаммен аттауына көмек болатынын тағы да ерекше атап өткен абзал.

     2024 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің медиа алаңында "Ұлттық қор - балаларға": бағдарлама 2024 жылы басталып, қалай жүзеге асырылуда?" тақырыбында брифинг өтті. Оған "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры Мұрат Тұрсынұлы Шәріпов, ҚР ҚМ Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазыұлы Арғынғазинов және "Электрондық үкімет" департаментінің директоры Әди Ғабитұлы Оразов спикер ретінде қатысты.   

Брифингтің тікелей көрсетілімі мына сілтемеде:  

https://www.youtube.com/watch?v=w_oAy5rAcZA


Просмотров 4882

Тізімге оралу