"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

19.04.2024

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

1. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын кім толық көлемде, ал кім ішінара пайдалануға құқылы? Ол үшін не істеу қажет? 

Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтарын зейнет жасына толғанға дейін (жеке табыс салығын шегергенде) толық көлемде ала алады. Алу үшін олар Қорға (өзі, пошта арқылы не сенім білдірілген өкілі немесе заңды өкілі арқылы) БЖЗҚ сайтынан білуге болатын құжаттар тізбегін ұсынулары қажет. Осыдан кейін зейнетақы төлемі он жұмыс күні ішінде біржола төленеді.

Сондай-ақ, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан қазақстандықтар өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдалана алады, атап айтқанда:

- әскери қызметшілер;

- арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

- мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде 25 жыл еңбек еткен және қызметтен босатылған кезде заңнамада белгіленген шекті жасқа толған өзге де адамдар.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың толық тізбесі Әлеуметтік кодекстің 212-бабында айқындалған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі басқа банктерге, ал емделу ақысын төлеу үшін - тек Отбасы банкіне жүгіне алады.

Сонымен қатар, өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан, сол арқылы ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде қамтамасыз ете алатын қазақстандықтар тұрғын үйге және емделуге өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалардың толық тізімі және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасы Қордың ресми сайтында да көрсетілген.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар пайдалана алатынын хабарлаймыз. Тек мұндай адамдардың:

- зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын болуы керек. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының сомасы мен белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауға тиіс;

- БЖЗҚ-да жинақтары бар, қазіргі кезде зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер. Олар тұрғын үйге және/немесе емделуге қалған сомасының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Бірақ олардың жиынтық зейнетақысы (жасына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қоса алғанда) бұрын алған жалақысының кемінде 40 пайызын құраған жағдайда ғана осы мүмкіндікке қол жеткізе алады.

2.  БЖЗҚ-дағы ұзақ уақыт бойы талап етілмеген жинақтардың тағдыры қалай шешіледі? Ол қаржы қандай жағдайларда мемлекет кірісіне айналуы мүмкін?

 Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне негіз бола алатын жағдайлардың нақты тізбесі көрсетілген. Оның ішінде Алушының қайтыс болуына (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) байланысты жасалатын төлем де бар. Тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізуді алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін жалғастыра береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, егер өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұрагерлікке құқығы болмаса не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз мүлік болып танылады және мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

Осылайша, мұра иесіз мүлік деп мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негізінде сот шешімі бойынша ғана танылуы мүмкін.

3.  Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру ережелері қандай? Мен жаңа ережелерге сәйкес, жинағымның қаншалықты көлемін аудара аламын?

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару құқығын төменде көрсетілген мөлшерден аспайтын сомада пайдалана алады:

- МЗЖ салымшысының, пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші түскен күні жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызы шегінде. Кейіннен басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген кезде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі қоса есептелген, бұрын берілген зейнетақы жинақтарын ескере отырып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап жылына бір рет қана жүргізіледі);

Немесе

- сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемде;

- ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге болатын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы ЕЗЖ-ны есепке алатын ЖЗШ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасынан аспайды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармай тұрып, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды зерделеу қажет, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі мен жұмыс нәтижелері туралы толығырақ білген дұрыс. ИПБ-лар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын https://www.enpf.kz/ сайтындағы Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

   Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына тек 1 рет аударуға болатынын атап өтеміз. Егер сіз жинақтарыңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл ойыңызды зейнетақы жинағыңызды ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап тек 1 жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.

Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап тек бір жыл уақыт өткен соң ғана жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының қай санаттағы азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отандастарымыз жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.

 Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы. БЖЗҚ Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес ұсынылатын салымшының (алушының) келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерге сұранысты дербес жасай алады.

Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы, enpf.kz интернет-ресурсы, сондай-ақ пошта байланысы арқылы беруге болады.

5. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерінің еңбек өтілін қалай растауға болады? Оны БЖЗҚ-ға хабарласу арқылы жасауға бола ма?

2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) еңбекшілердің жұмыс өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитеті және оның аумақтық бөлімшелері - 1998 жылға дейін жинаған еңбек өтілін растау бөлігінде;

2) БЖЗҚ-ның аумақтық бөлімшелері - 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жиналған еңбек өтілін растау бөлігінде (міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы ақпараттық жүйенің деректері бойынша).

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) интеграцияланған жүйесін пайдалануға көшкенге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл Өзара іс-қимыл тәртібінің[1] 3-тармағында көзделген нысандармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттармен алмасу арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылды.

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жинаған еңбек өтілін растау мақсатында, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш білдірген тұлға үміт артып отырған зейнетақыға құқықтың пайда болуы үшін ЕАЭО-ға мүше осы мемлекеттің құзыретті органы ҚР жоғарыда аталған құзыретті органдарына осындай адамдарға қатысты жұмыс өтілі кезеңіне байланысты жұмыс өтілі туралы "Сұраныс" нысанын жіберуі қажет.      


[1] Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 122 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің нормаларын қолдану жөніндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, құзыретті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі

 


Просмотров 6431

Тізімге оралу