"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

31.05.2024

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық трендтер, ұзақ мерзімді сын-қатерлер және олардың зейнетақы жүйесіне әсері

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылғы 1 қаңтарға ел халқының саны - 20 млн-нан асты. Бұл ретте жас топтары бойынша мынадай бөліністер байқалды: 25 жасқа дейін - 8,5 млн адам (42,6%), 25 жастан 65 жасқа дейін – 9,7 млн адам (48,5%), 65 жастан асқан – 1,8 млн адам (8,9%).

Қазақстанда халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді деп болжануда.

·  Өмір сүру ұзақтығы және қарт адамдардың үлесі

     Өмір сүру ұзақтығы (халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылмен бірдей болған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының мәні) пандемия жағдайында (2020-2021) төмендегеннен кейін 2021 жылғы 70,23-тен 2023 жылы 75,09 жасқа дейін өсті.

 

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Бүкіл халық

 

70,62

 

71,44

 

71,97

 

72,41

 

72,95

 

73,15

 

73,18

 

71,37

 

70,23

 

74,44

 

75,09

Ерлер

65,91

66,90

67,49

67,99

68,72

68,84

68,82

67,09

66,33

70,26

70,99

Әйелдер

75,23

75,82

76,26

76,61

76,92

77,19

77,30

75,53

74,03

78,41

79,06

 БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты 2050 жылға қарай демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2008 жылғы 9,7%-дан 2023 жылы 13,6%-ға дейін өсті және осылай өсуін 2050 жылға қарай 16,7%-ға дейін жалғастыра бермек. Яғни 2050 жылға орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 және одан жоғары жаста болады).

 60 жастағы және одан асқан адамдар үлесінің нақты дерегі мен болжамы

1.png

·  Жиынтық туу коэффициенті

Халық құрылымына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - жиынтық туу коэффициенті (ЖТК). Ол бір әйелдің бала туу қабілеті бар кезеңде (яғни 15 пен 50 жас аралығында) орташа есеппен қанша рет босана алатынын көрсетеді.

2022 жылдан бастап бұл көрсеткіштің 2023 жылы 3,05-тен 2,96-ға дейін төмендеуі байқалды. БҰҰ болжамдарына сәйкес Қазақстандағы туу коэффициентінің 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендеуі күтілуде.

Жылы

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Бір әйелге шаққандағы балалардың ЖТК

 

2,77

 

2,73

 

2,84

 

2,90

 

3,13

 

3,32

 

3,05

 

2,96

 Бала туу көрсеткішінің төмендеуі - бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы жағдайында 1 еңбекке қабілетті адамға түсетін демографиялық жүктеме артады.

·  Көші-қон сальдосы

ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілдігі (БҰҰ-ның халық қоры) Қазақстан Республикасының халқы саласындағы жағдайды талдау атты есебінде 2050 жылға қарай 1000 адамға шаққанда 0 көші-қон сальдосына біртіндеп қол жеткізуді болжайды. Бұл "Республиканың жұмыс күшіне жоғары сұранысынан, елеулі этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуынан, Қазақстаннан оңтүстікке қарай орналасқан елдердегі халықтың жылдам өсуінен болатын экономикалық дамуымен" бейімделеді.

Төменде 2016-2023 жылдардағы иммигранттар мен эмигранттардың саны келтірілген:

Жылы

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Келгендер

13 755

15 595

12 747

12 255

11 370

11 039

17 425

25 387

Кеткендер

34 900

37 725

41 868

45 225

29 088

32 256

24 147

16 094

   Өздеріңіз байқағандай, пандемиядан кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны соңғы екі жылда 2 еседен аса өсіп, 2020 жылдан бері кеткендердің саны 2 есеге азайды.

·  Әлеуетті қолдау коэффициенті

65 жастағы және одан асқан адамдардың санына бөлінген еңбекке қабілетті жастағы адамдардың саны (25 жастан 64 жасқа дейін) ретінде есептелетін әлеуетті қолдау коэффициентінің төмендеуі байқалады.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2023 жылы 5,49-ға дейін төмендеді, БЖЗҚ мен БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициентінің 2050 жылға қарай шамамен 4,0-ге дейін төмендеуі жалғасады. Бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін "жүктемені" арттырады. 

Әлеуетті қолдау коэффициентінің нақты дерегі мен болжамы

2.png

Қазіргі демографиялық трендтер мен ұзақ мерзімді сын-қатерлер қоғамға зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты маңызды міндет қойып отыр. Бұл міндетті дамудың демографиялық және экономикалық үрдістеріне неғұрлым тегеурінді бола алатын жинақтаушы зейнетақы жүйесі шешеді.   

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға еңбекке жарамды уақытында өздерінің зейнетақы жинақтарын табыстарына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, азаматтар және жұмыс берушілер арасында қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және болашақта зейнетақы мөлшерін арттыруға ықпал етеді.     

Осылайша, зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы құрамдауышты дамыту және нығайту оның орнықтылығын және демографиялық өзгерістерге бейімделуін, болашақтағы зейнеткер буынның жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етудің, қаржылық тәуекелдерді бейтараптандырудың негізгі факторы болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде 5% мөлшеріндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу көзделген.


Просмотров 4507

Тізімге оралу