"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

20.06.2024

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшылар тобының зейнетақы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарын қолдады

Еліміздегі қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сәйденов, Елена Бахмутова сияқты қазақстандық сарапшылар тобы Қазақстанның қаржы тұрақтылығы мен зейнетақы жүйесінің лайықтылығын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына жолдады.

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 27 отырысында сараптамалық топтың негізгі ұсыныстары туралы Болат Жәмішев баяндады. Ол мұндай ұсыныстарды әзірлеу туралы шешім Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет 2023 жылы енгізілген халықаралық рейтинг - Mercer CFA Institute Pension Index (MCGPI) жаһандық зейнетақы индексінің нәтижелерін зерделегеннен кейін қабылданғанын атап өтті. MCGPI индексі әлем халқының шамамен 64% қамтитын 47 елдің зейнетақы жүйелерін қамтып, талдады.

Қазақстан "тұрақтылық" қосалқы индексі (7 орын) және "тұтастық" қосалқы индексі (14 орын) бойынша өте жоғары бағаланды. Бұл біздің елімізде мемлекеттің, қызметкердің және жұмыс берушінің қатысуына негізделген тұрақты көпдеңгейлі зейнетақы жүйесін құруға негізделген. Қазақстан "лайықтылық" (38 орын) суб-индексі бойынша салыстырмалы түрде төмен баға алды. Ол елімізде азаматтардың табыстары мен зейнетақы жинақтарын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін көсетеді. Қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру үшін Mercer CFA институты жағдайы нашар қарттарды қолдаудың ең төменгі деңгейін ұлғайту, үй шаруашылықтарының зейнетақы жинақтарының деңгейін арттыруға ынталандыру, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және инвестициялау кезеңінде олардың мерзімінен бұрын пайдаланылуын қысқарту сияқты негізгі ұсынымдар берді.

Сонымен қатар, сарапшылар халықаралық ұйымдардың материалдарын зерделеді. Оларды «БЖЗҚ» АҚ Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ISSA) бірлесіп 2023 жылдың қыркүйегінде Алматыда ұйымдастырған "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелде шетелдік мамандар ұсынған болатын. Дөңгелек үстел барысында Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, ISSA, OECD, IOPS, FIAP, Mercer CFA, KPMG, Allianz, Amundi және т. б. ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, Австралия, Германия, Дания, Израиль, Қытай, Сауд Арабиясы, Уругвай, Чили, Швейцария сияқты бірқатар елдердің өкілдері сөз алды.

Озық зейнетақы жүйелері бар елдердің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, сарапшылар қазақстандық зейнетақы жүйесінің лайықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар ұсынды, оның ішінде:

  • базалық зейнетақыны нығайту арқылы көпдеңгейлі зейнетақы жүйесінің мемлекеттік құрамдауышын күшейту. Бұл, әсіресе, 1998 жылға дейін қалыптасқан еңбек өтілі аз азаматтардың зейнетке шығуы қарсаңында ортақ зейнетақы мөлшерінің біртіндеп төмендей беретінін ескерсек, өте маңызды. Осы орайда, жұмыс істейтін халықтың еңбек табыстарына қатысты зейнеткерлердің мемлекеттік зейнетақылары құнының құнсыздануына жол бермеу мақсатында зейнетақы жүйесіндегі барлық зейнетақы төлемдерін болжау және есептеу үшін бірыңғай ең төменгі әлеуметтік көрсеткіш ретінде ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) айқындау ұсынылды. Бұл тәсіл зейнетақы төлемдерінің тұрақты өлшемдерін құрудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді. ЕТЖ мөлшерін пайдалануға кезең-кезеңмен көшу ең төменгі күнкөріс деңгейін пайдаланумен салыстырғанда, анағұрлым лайықты зейнетақыны қамтамасыз етеді. Қазақстан әлеуметтік бағдарланған мемлекет екенін ескере отырып, ортақ зейнетақылардың біртіндеп төмендеуі аясында мемлекеттік бюджеттің мемлекеттік зейнетақыға жұмсалатын шығыстарын базалық зейнетақы мөлшерінің лайықтылығын пропорционалды арттыру жолымен ЖІӨ-нің 3% төмен емес (бұл ЭЫДҰ-ның Австралия, Мексика, Чили және т. б. елдері бойынша ЖІӨ-нің 3-4% мөлшеріне сәйкес келеді, онда жинақтаушы зейнетақы жүйесі де жұмыс істейді) деңгейде тұрақтандыру және қолдау қажет. Нәтижесінде елдің экономикасы мен ЖІӨ өсуімен қатар мемлекеттік зейнетақы (зейнеткерлердің әл-ауқаты) деңгейі де тиісті түрде өсетін болады. Бюджеттен зейнетақымен қамсыздандыруға арналған мемлекеттік шығыстар деңгейі сақталатын болады;
  • зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы құрамдауышын: а) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың көлемін арттыру және жинақтаушы жүйеден берілетін зейнетақы төлемдерінің өмір бойы төленуін қамтамасыз ету; б) жұмыспен қамтылған халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуын барынша қамтып, қатысу деңгейінің өсуін ынталандыру (зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен жүйелілігі); в) ұзақ мерзімді келешектегі нақты (яғни, инфляциядан жоғары) кірістілік деңгейінің өсуіне бағытталған зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру жолымен дамытуды жалғастыру;

Осы мақсаттар үшін 2024 жылдан бастап енгізіліп, 2028 жылға қарай қызметкер табысының 5% жеткізу жоспарланып отырған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (ЖМЗЖ):

- 4% мөлшерінде - салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (қызметкердің өзінің 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) сияқты) олардың жеке жинақтарының лайықты деңгейде өсуін қамтамасыз ету үшін (ЭЫДҰ актуарлық есептерін ескере отырып);

- 1% мөлшерінде - алушы өзінің зейнетақы жинақтарын тауысқанша алған жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен өмірлік төлемдерді қаржыландыру үшін төлемдерге өмір бойы кепілдік беру шотына бағыттау ұсынылды.

Жұмыспен қамтылған халықтың барлық топтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды арттыру, оған өзін-өзі жұмыспен қамтыған, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды қосу үшін сарапшылар тұрақты жұмыс берушісі жоқ, бірақ еңбек табысы бар және зейнетақы жарналарын тұрақты түрде (жылына кемінде 12 рет 1 ЕТЖ табысынан) аударып отыратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын мемлекет тарапынан бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігін қарауды ұсынады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл мұндай қызметкерлердің "көлеңкеден" біртіндеп шығуына, олардың кірістерінің ашықтығына, салық түсімдерінің өсуіне ықпал етеді. Зейнетақы жүйесіне қатысу олардың базалық зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын еңбек өтілдерін және жинақтаушы зейнетақы үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастыруларын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық Банк пен инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) үшін зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсынымдар қалыптастырылды:

- сыртқы және ішкі зейнетақы активтері бойынша ұзақ мерзімді келешектегі (дағдарыс кезеңдерін қоспағанда) табыстылықты таргеттеу мүмкіндігі;

- валюта портфелінің үлесін кезең-кезеңімен арттыру (халықаралық тәжірибені және зейнетақы активтері көлемінің біртіндеп өсуін ескере отырып);

- консервативтілігі төмендеу инвестициялық басқару (кірісті арттыру мақсатында):

сыртқы активтер бойынша – өсіп келе жатқан активтерге инвестициялар;

ішкі активтер бойынша – МБҚ және квазимемлекеттік сектордың бағалы қағаздарына инвестициялар үлесін кезең-кезеңімен төмендету және сенімді корпоративтік бағалы қағаздар арқылы экономикаға инвестицияларды арттыру;

- басқарушы компаниялардан әртүрлі инвестициялық стратегиялары бар бір немесе бірнеше портфелін салымшылардың өз бетінше таңдау құқығымен көп портфельді басқаруды енгізу (басқарудың бәсекелестік нарығын дамыту және салымшылардың мүдделерін есепке алу мақсатында).

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің отырысында "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов сөз сөйлеп, әлемнің түрлі елдеріндегі зейнетақы жүйелерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін келтірді. Деректер үлестіруші зейнетақы жүйелерінің қаржылық тұрақсыз екендігін және мемлекеттік бюджеттен субсидиялардың тұрақты өсіп отыруын талап ететіндігін көрсетеді. Ал жинақтаушы зейнетақы жүйелері құрылымды жақсартып, жұмыспен қамтуды ресімдеу көрсеткішін арттырады. Өйткені, салымшының болашақ зейнетақы төлемдері оның жарналарына (кірістен аударымдарға) тікелей байланысты. Оның қалыптастырған жинағына меншік құқығы өзіне ғана тиесілі. Сонымен қатар, дағдарыс кезеңінде зейнетақы жинақтары инвестициялардың ішкі көзі бола отырып, сырттан қарыз алуды және халықаралық нарықтарға тәуелділікті төмендетуге, ЖІӨ өсуінің тұрақтылығын және ел экономикасына жасалатын инвестициялардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы жүйелерін капиталға инвестиция жасау, еңбек нарығының өсуі және жалпы факторлық өнімділік есебінен енгізген елдер ЖІӨ-нің 0,3-тен 0,6%-ға дейінгі қосымша жылдық өсімін алады.

Қоғамдық кеңес мүшелері жиында қозғалған мәселелерді талқылап, көпшілік дауыспен сарапшылар тобының ұсыныстарын қолдауға шешім қабылдады. Өйткені, ол отандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіруге және қазақстандықтарды зейнетақы төлемдерінің барабар деңгейімен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

  "БЖЗҚ" АҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мәжілісінде ұсынылған материалдармен enpf.kz сайтындағы "Қоғамдық кеңес" – "Мәжілістердің хаттамалары мен таныстырылымдары" бөлімінде танысуға болады.     


Просмотров 5348

Тізімге оралу