"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

21.06.2024

"БЖЗҚ" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында Инвестициялық портфельді басқарушылар өз есептерін ұсынып, стратегияларымен таныстырды

"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті 27-ші отырысы өтті. Оған инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) - "БСС Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "Jusan Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance" АҚ өкілдері қатысты. Бекітілген күн тәртібі аясында олардың әрқайсысы өзінің инвестициялық стратегиясымен таныстырып, есептерін ұсынды. Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

   "БСС Invest" АҚ өкілі өз сөзінде компанияның консервативті тәсілді ұстанатынын атап өтті. Атап айтқанда, активтердің 91,49% тұрақты кірістілік құралдарына салынған, ал қалған 8,51% үлестік құралдарда (акциялар, пайлар). Портфельді валюталық бөлу мынадай сипатта іске асырылған: ұлттық валютада 83,13%, АҚШ долларында 16,87%. 2023 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің кірістілігі 13,05% көрсетті. Компания өкілі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ), ИПБ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) және БЖЗҚ-мен бірлескен жұмыс жүргізілетін мынадай мәселелерді атап өтті: басқарушы компаниялар үшін бэнчмаркты әзірлеу және бекіту; активтерді нарықтық бағалау қағидаттарын қолдану; нарық жағдайларына жедел ден қою; тәуекел-бейін бойынша әртүрлі портфельдерді қалыптастыру; нарық талаптарының нормативтік құжаттамаларын түзету.

  "Halyk Global Markets" АҚ және "Halyk Finance "АҚ 2023 жылы қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигацияларына инвестициялауды жалғастырып, өздерінің валюталық позицияларын ұлғайтты. Атап айтқанда, "Halyk Finance" АҚ портфелінің 69,1% ұлттық валютада, 30,80% АҚШ долларында және 0,2% еурода берілген. "Halyk Global Markets" АҚ портфеліне келетін болсақ, 69,4% ұлттық валютаға, қалған активтер АҚШ долларына бөлінген. Нәтижесінде "Halyk Finance" АҚ кірістілігі 2023 жылы 17,2%, "Halyk Global Markets" АҚ - 15,55% көрсетті. Инвестициялық компанияның жоспары - портфельдегі борыштық құралдардың үлесін ұстап тұру, сондай-ақ, кірістілікті арттыру және тәуекелдерді ауыздықтау мақсатында үлестік құралдарды (30% дейін) және валюталық позицияны ұлғайту (50% дейін).

  "Jusan Invest" АҚ өкілінің баяндамасына сәйкес валюта бойынша портфель құрылымы мынадай сипатқа ие: 60% - ұлттық валютада, 40% - АҚШ долларында. Акциялар портфелінде МБҚ теңгемен – 30,88%, АҚШ қазынашылық облигациялары – 6,68%, жергілікті акциялар – 15,42%. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кірістілік 13,48% деңгейінде болды. Бұл ИПБ-ның негізгі тәсілі - "Тәуекел паритеті" стратегиясын қолдану. Мұндай стратегия капиталдың өзін емес, тәуекелді (нарықтың құбылмалылығы тәуекел болып есептеледі) бөлуге бағытталған. Стратегияның негізгі идеясы - активтердің бір түрі төмендеген кезде активтердің басқа түрі осы құлдырауды өтейтіндей етіп бөлінеді. Осылайша портфельдің жалпы серпініне оң әсерін тигізеді.

   "Сентрас Секьюритиз" АҚ-ның 2023 жылғы зейнетақы активтерінің кірістілігі 10.67% болды. Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша компанияның инвестициялық портфелінің активтері былай бөлінген: ҚР МБҚ – 26,70%, РЕПО – 19,86%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,38%. Валюталар бөлінісіндегі портфель құрылымына қатысты 66% ұлттық валютада, 32% АҚШ долларында және 2% канадалық долларда екені атап өтілді.

   Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, ИПБ өкілдері зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясы олардың өсуі мен кірістілігіне бағытталғанын және ИПБ қызметінде ашықтық пен сенімділікке маңызды рөл бөлінетінін атап өтті.        

        "БЖЗҚ" АҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мәжілісінде ұсынылған материалдармен enpf.kz сайтындағы "Қоғамдық кеңес" – "Мәжілістердің хаттамалары мен таныстырылымдары" бөлімінде толығырақ танысуға болады.     


Просмотров 4776

Тізімге оралу