Филиалды таңдаңыз:
21.08.2024
Белгілі экономистер Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сәйденов, Елена Бахмутова, Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша қазақстандық сарапшылар тобының ұсыныстарын түсіндіруді жалғастыра отырып, Сіздерді шартты-жинақтаушы зейнетақыға қатысты сұрақтарға жауаптардың екінші топтамасымен таныстырамыз, ол сондай-ақ шұғыл шешімдер қабылдауды қажет ететін жүйелік мәселелер қатарына кірді.
Сарапшылардың пікірінше, шартты-жинақтаушы үлгі бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) ортақ зейнетақының төмендеуін/болмауын өтей алмайды.
Жинақтардың лайықтылығын және жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойы төленуін қамтамасыз ету мақсатында сарапшылар мынадай ұсыныстар жасады:
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (ЖМЗЖ) шартты-жинақтаушы нұсқасы (іс жүзінде үлестіруші) түсінікті және неғұрлым әділ (жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін) аралас нұсқамен ("4+1"моделі) ауыстырылсын:
- ЖМЗЖ-ның 4%-ы жұмысшылардың жеке зейнетақы шоттарына жіберіледі (осы жинақтарға меншік құқығы мен мұраға қалдыру құқығын беріп),
- ЖМЗЖ-ның 1%-ы жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойына берілетініне кепілдік беретін жалпы шотқа жіберілсін.
Жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойына кепілдендірілуі (аннуитизация) адал жұмыскерлерді қарттық шағының бүкіл кезеңінде және ең төменгі әлеуметтік стандарттан (ЕТЖ-дан төмен емес) төмен емес жиынтық зейнетақымен қамтамасыз етеді.
2. Азаматтардың ЖМЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыруға тең қолжетімділігін (қазіргі кезде көзделгендей, тек 1975 жылдан кейін туғандармен шектелмей) қамтамасыз ету, бұл ортақ зейнетақының объективті түрде қысқаратынын ескерсек, өте маңызды.
ЖМЗЖ енгізу мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті бөлу қағидаттарын ескере отырып, Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.
Шартты-жинақтаушы зейнетақыға қатысты мәселелердің екінші топтамасы бойынша түсіндірмелермен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін лайықты зейнетақымен қамсыздандырудың құрамдас бөліктерінің бірі мемлекеттік зейнетақыға қатысты мәселелердің бірінші топтамасы бойынша түсіндірмелер ресми сайтта орналастырылған.
Барлық енгізілген ұсыныстар зейнетақымен қамсыздандырудың барлық құрамдауыштарын нығайтуға бағытталған, өзара байланысты және кешенді түрде ескерілуі тиіс.