Филиалды таңдаңыз:
12.11.2024
Ағымдағы жылдың 7-8 қарашасында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ, Қор) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мамандары екі күн бойына қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сыныптарын өткізді.
Курс бағдарламасында әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды. Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің үлгілері, БЖЗҚ қызметі, зейнетақы активтерін инвестициялау және жинақтарды сенімгерлік басқаруға беру, зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды алу тетіктері туралы баяндады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалды қалай жасауға болатынын, тақырып бойынша эксклюзивті түсініктемелерді қайдан табуға болатынын көрсетті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
"БЖЗҚ" АҚ онлайн-семинарға қатысқан барлық тыңдаушыларға алғысын білдіріп, осы шара барысында алған ақпарат оларға салымшы ретінде пайдалы, өзекті де өтімді журналистік материалдар жасауға көмекші болады деп үміттенеді.
Бағдарлама тақырыптары бойынша барлық таныстырылым «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми сайтында https://www.enpf.kz/kz/about/press-center/projects/school-2024.php сілтемесі бойынша қолжетімді.