Филиалды таңдаңыз:
19.12.2024
«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті 28 отырысында Кеңес төрағасы мен оның орынбасарын кезекті сайлау өтті. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып бірауыздан қазақстандық заңгер Евгений Сейпульник сайланды. Төраға орынбасарлығына белгілі журналист, «Forbes» журналының шолушысы Татьяна Батищева ұсынылды. Айта кетейік, Е. Сейпульник Кеңесті 2017 жылдан 2020 жылға дейін, яғни БЖЗҚ жанындағы осы кеңестік-мәжілістік органның қалыптасуы орын алған кезде басқарған еді.
Кеңесті 2021 жылдан 2024 жылға дейін басқарған бұрынғы төраға Ерлан Бурабаев Кеңес құрамында қалды. Естеріңізге сала кетейік, оның басшылығымен Кеңес зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және оның болашақ төлемдерге әсері, зейнетақы активтерін басқару үрдістері, оларды инвестициялық портфельді басқарушылар арқылы инвестициялау мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді талқылады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерін арнайы шақырып, Әлеуметтік кодекс жобасы қаралды.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе – БЖЗҚ-ның 2024 жылғы 9 айдағы қызметі туралы есеппен Қордың Стратегиялық даму департаментінің директоры
К. Фазылова таныстырды. Осы мәселе шеңберінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылының нәтижелері, зейнетақы жүйесінің жаңа құрамдауышы – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ), сондай-ақ, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген азаматтарға республикалық бюджеттен, өмірді сақтандыру компанияларынан арнайы кәсіптік жәрдемақыны, жұмыс берушілердің қаржысынан және БЖЗҚ-дағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) сияқты 4 көзден қалыптастырылатын арнаулы әлеуметтік төлемді енгізу талқыланды. Сондай-ақ, спикер қатысушыларды БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары бойынша негізгі көрсеткіштер, отандық зейнетақы жүйесінің халықаралық рейтингтегі бағасы, Қордың зейнетақы активтерін басқару және басқа да өзекті тақырыптармен таныстырды.
«БЖЗҚ» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында таныстырылған материалдармен enpf.kz сайтындағы «Қоғамдық кеңес» - «Мәжілістердің хаттамалары мен таныстырылымдар» бөлімінде толығырақ танысуға болады.