Филиалды таңдаңыз:
17.01.2025
«Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында әлемдегі ең озық жүйелердің бірі болып есептелген Чили үлгісі бойынша енгізілді», - деген пікір қалыптасқан. Ол 40 жылдан кейін де сол қалпында қала ма? Даму болашағы бар ма? Қазақстан мен Чили зейнетақы жүйелерінің айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Зейнетақы жинақтарын шешіп алудың салдары қандай? Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауысу оң нәтиже берді ме?
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасының көрермендеріне осы сұрақтардың жауабын бастапқы көзден алу бойынша бірегей мүмкіндік беріледі. Біздің арнада алғаш рет Чили зейнетақы қорлары қауымдастығының президенті Паулина Ясыги өз еліндегі зейнетақы жүйесінің тәжірибесі туралы баяндап береді.
YouTube-арнадағы сұхбатты қазақ тілінде жасалған субтитрымен орыс және ағылшын тілдерінде тамашалай аласыздар.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыздар.