"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

24.01.2025

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімге ие

2024 жылы «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) негізгі көрсеткіштері барлық бағыттар бойынша оң нәтиже берді.

Отандастарымыздың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі 01.01.2025 жылға шамамен 22,80 трлн теңгеге жетті. Жыл ішінде 4,93 трлн теңгеге немесе 27,6% артты.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 қаңтарға - шамамен 21,88 трлн теңге, бір жылда 26,5% ұлғайды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - шамамен 653,77 млрд теңге, жыл ішінде 15% өсім көрсетті.

Бір жылдағы ең үлкен өсімді (50,3%), 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 7,94 млрд теңге көлеміне жеткен ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар паш етті. 

2024 жыл ішінде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсіп отырды. 2024 жылы ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 258,15 млрд теңгеден асты.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бұл ретте салымшылардың жеке және шартты шоттарына есепті жыл ішінде түскен зейнетақы жарналарының мөлшері 2,79 трлн теңгеге жуық. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 29 % артық. Жарналардың барлық түрлері оң сипатқа ие: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл бойына 2,44 трлн аса теңге түсті (2023 жылмен салыстырғанда МЗЖ көлемі 18,3% артты), МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 113,6 млрд теңге (өсім 18,9%), ЕЗЖ бойынша жылдық жарна мөлшері – 3,07 млрд теңге (өсім 32,50%) жиналды. ЖМЗЖ көлемі – шамамен 231,24 млрд теңге.

2024 жылға есептелген инвестициялық кіріс шамамен 3,4 трлн теңге болды. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,79 трлн-нан аса теңгеге немесе 114,5% өсті. 

Төлемдер мен аударымдар

2024 жыл ішінде БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 1,32 трлн теңгеден асты. Бұл былтырғы жылдағы төлемдер көлемінен 2,24 есе (немесе шамамен 732,56 млрд теңгеге) көп.

Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – шамамен 609,89 млрд теңге. Баламалы мақсаттарға берілген төлемдер көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса мөлшерге ұлғайды.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 35,64% ұлғайып, шамамен 204,22 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем - 33 906 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды. 

Былтырғы жылы, сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 61,6 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 40,57 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 3,07 млрд аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 9,96 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 394,54 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. 

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,18 млн. бірлік (жыл бойғы өсім - 4,85 млн аса бірлік немесе 39,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қаңтарына 12,50 млн бірліктен асты. Оның ішінде: 11,15 млн астамы - МЗЖ бойынша, шамамен 715,52 мың - МКЗЖ бойынша, 439,58 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,67 млн бірліктен асты. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.


Просмотров 137

Тізімге оралу