Филиалды таңдаңыз:
08.04.2016
Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ орталық аппаратында Қор филиалдарының қатысуымен жыл сайынғы семинар-жиналыс өтіп, филиалдық желі жұмысы бойынша ағымдағы мәселелер мен ұзақ мерзімді филиалдардың даму жоспары талқыланды.
Іс-шараға Қор басшылығы, сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ-ның 18 филиалының директорлары қатысты.
Семинар-жиналыстың алғашқы күнінде 2015 жылғы қызметтің негізгі қорытындысы мен 2016 жылдың бірінші тоқсанын қамтыған әр филиалдың есебі ұсынылды. Ұсынылған есептер қорытындысы бойынша кадрлық оңтайландыру, қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері көрсететін қызметті бағалау жүйесі, ақпараттық-насихаттау шараларын өткізу және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз бөлігіне қызмет көрсету мәселелері талқыланды.
Іс-шараның екінші күні филиалдық желі жұмысының стратегиялық бағыттарын талқылауға арналды.
«БЖЗҚ» АҚ филиалдық желісінің жұмысын рейтингілік бағалау концептісі жеке талқыланды, оның басты мақсаты – халыққа барынша жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерін ынталандыру.
Рейтингілік бағалау концепциясын енгізу қызмет көрсету сапасын көтеріп қана қоймай, үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, салымшылардың/алушылардың күтуі мен оларға қызмет көрсету уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді.