Филиалды таңдаңыз:
19.04.2016
БЖЗҚ ұялы қосымшасы Voxpopuli.kz фоторепортаждар сайты жүргізген рейтингіге сай смартфонға арналған пайдалы қосымшалардың ТОП-20 қатарына кірді. Google аудармашы, 2ГИС, FoodPanda, Shazam және басқалар сияқты қосымшалармен қатар БЖЗҚ қосымшасы заманауи адамның өмірі мен жұмысын жеңілдететін ұялы жаңалықтардың біріне айналды.
2014 жылдың мамыр айында БЖЗҚ-ның Android және iOS (iPhone, iPad) операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымша әзірлегенін және іске қосқанын еске саламыз.
Аталған қосымша арқылы смартфоны бар әрбір салымшы (алушы) өзінің зейнетақы жинақтарын онлайн түзімінде қадағалап, өзінің зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады, сондай-ақ жақын маңдағы филиалмен немесе байланыс орталығымен хабарласып, БЖЗҚ туралы ақпарат ала алады.
Қосымшаның қазақша және орысша нұсқалары жұмыс істейді.
Қосымшамен жұмыс істеу үшін логин мен пароль керек, оларды салымшы жеке куәлігімен қордың кез келген бөлімшесіне бір рет келіп ала алады. Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат құпиялылығын сақтау үшін мұны өзі келіп жасауы тиіс.
Қызметті ары қарай жақсарту жоспарланып отыр. Бұған:
«Байланыс орталығына қоңырау шалу» қызметін негізгі мәзірге қосу,
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кіру мүмкіндігін қосу,
бір реттік парольді тіркеу/қайта тіркеу/алу үшін экрандық нысандар қосу,
сайттың ақпараттық бөлімдеріне сілтемелер қосу және басқалар жатады.
2016 жылғы 1 сәуірде БЖЗҚ ұялы қосымшасынан жүктеп алу саны – 171200.