Филиалды таңдаңыз:
16.05.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 974 қаулысымен бекітілген әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларының 8-тармағына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ мен «ЗТМО» РМҚК Жоспар-кесте әзірлейді және оған қол қояды. Жоспар кестені Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және тиісті Уәкілетті мемлекеттік органдар келісіледі.
Жоспар-кестеге сәйкес 2016 жылғы 18 ақпан - 2016 жылғы 2 наурыз аралығында
«зейнеткер - әскери қызметшілер» тұлғалар санаты бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару шаралары өткізіліп, растау-анықтамалар уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтама алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар анықтама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның филиалдарына зейнетақы ісінен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгергені туралы үзнді-көшірмені Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау туралы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес 1-ВС нысаны бойынша береді.