Филиалды таңдаңыз:
26.05.2016
БЖЗҚ әрбір салымшысынның (алушысының) қамын ойлайды, хабарлау арналарының ыңғайлы түрін көбейтуге және қызмет көрсету сапасын жетілдіруге ұмтылады.
Осыған байланысты БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететін «Мобильді кеңсе» жобасы жұмыс істейді. Жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, мүгедектерге ақпараттық-кеңестік көмек көрсету, салымшыларға зейнетақы қызметі бойынша БЖЗҚ кеңсесінен тыс жерлерде тиімді қызмет көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бір себеппен, мысалы денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын адамдарға Қор мамандарының өздері барып қызмет көрсетеді.
«Мобильді кеңсенің» барлық аймақтарда жұмыс істеуі үшін БЖЗҚ-дан барып қызмет көрсететін мамандар командасы құрылды. БЖЗҚ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі салымшы (алушы) үшін кеңес беру мен қажетті құжаттарды жинауға ыңғайлы уақыт пен орынды белгілейді, содан кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға БЖЗҚ деректер базасына енгізу және қызмет көрсету үшін құжаттар пакетін жасауға (көшірмелерін және олардың растамасын жасаудан бастап оларды операциялық бөлім мамандарына бергенге дейін) және Қорға жеткізуге көмектеседі.
«Мобильді кеңсенің» қызметін БЖЗҚ-ның мүмкіндігі шектеулі салымшылары және түзімдік және ерекше күзет объектілеріндегі адамдар қолдана алады.
Бұған қоса, барып қызмет көрсететін топ салымшылардың (алушылардың) жұмыс орнына барып (ол үшін олардың жеткілікті саны болу керек) БЖЗҚ қызметтерін көрсетеді, салымшыларды (алушыларды) электрондық хабарлау тәсіліне ауыстыру шараларын өткізеді, Тұжырымдама бойынша ҚР зейнетақы жүйесін ары қарай жаңғырту, еліміздегі зейнетақы жүйесінің мәселесі жөнінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Айта келгенде, қазіргі кезде жоба аясында бірқатар қызметтер көрсетіліп жатыр, олар:
Алдағы уақытта мамандардың барып қызмет көрсетуіне берілетін өтінімдер БЖЗҚ-ның сайты enpf.kz пен байланыс орталығы арқылы және 88000801177 телефоны бойынша қабылданатын болады.