Филиалды таңдаңыз:
09.06.2015
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының жаңа құрамы сайланды (03.06.2015ж. №2 хаттама).
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы болып Ерденаев Руслан Серикович тағайындалды, ол бұрын «БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
Сонымен қатар «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқармасының құрамына:
Дюсенова Сауле Сагинтаевна – Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары,
Махмеджанов Галым Набибуллаевич – Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары кірді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа басшысы мен Басқарма мүшелерінің Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі, қаржы нарығындағы және мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі мол.
Ерденаев Руслан Серикович жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2009 жылдың шілде айы мен 2013 жылдың тамыз айы аралығында «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ Басқармасының мүшесі – Басқарушы директоры лауазымында жұмыс істеді. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары болды.
Дюсенова Сауле Сагинтаевна көп жылдар бойына мемлекеттік мекемелерде, 1997 жылдан бері «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК жүйесінде (1999 жылдан бастап бас директордың орынбасары, бірінші орынбасары) еңбек етіп келеді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған. 2015 жылдың ақпан айынан бастап «БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрайымының бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істейді.
Махмеджанов Галым Набибуллаевич, экономика саласында PhD, Тулуза 1 Капитоль университеті жанындағы Тулуза экономика мектебі, Франция. Елбасының «Болашақ» стипендиясымен оқыған. Қаржы секторында сараптау, зерттеу бойынша жұмыс тәжірибесі мол. 2014 жылдан бастап «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры.
Бұрын «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрайымы лауазымында жұмыс істеген Медеушеева Долорес Таировна басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету, зейнетақы жүйесіне деген сенімді арттыру және мемлекет Қор алдына қойған міндеттерді орындау жұмысын жалғастырады.
БАҚ үшін байланыс көздері: press@enpf.kz