"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
20.06.2016
2016 жылғы 17 маусымда Семей қаласындағы өңірлік филиал қызметкерлері Бүкіләлемдік қан доноры шеңберіндегі «Қан тапсырып, өміріңмен бөліс» акциясына қатысты. Акцияның мақсаты - науқастарға, ең алдымен балаларға көмек көрсету, сондай-ақ жастар мен қала тұрғындарын қоғамда донорлықтың қажеттілігін түсінуге шақыру. Әсіресе қызметкерлеріміздің ЖМЖА-дағы науқас азамат, Семей қаласының тұрғыны Л.М. Атабаевқа көмек көрсете алғаны қатты қуантады. «Сенің бір тамшы қаныңның біреудің өмірін құтқаратындығын сезіну көңілге қуаныш сыйлайды», - деді Филиал директоры Дайрова Дариға Абайқызы.