Филиалды таңдаңыз:
23.06.2016
«БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының салымшылармен жұмыс бөлімі «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп, «Жамбыл электр желілері» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Тұсаукесер Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты өткізілді. «БЖЗҚ» АҚ өкілдері зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты мәселелер, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын тұлғаларды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бөлігіндегі мәселелер түсіндірілді. Осы кездесу барысында электрондық хабарлау жүйелерінің артықшылықтары түсіндірілді. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» өкілдері базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі жөнінде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңғырту туралы ақпарат берді. Еңбек инспекциясы Басқармасының өкілдері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Қызметкерлердің еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, қажетті білім алуға және кәсіптік даярлықтан өтуге, шарттық міндеттемелерді орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның өтеміне құқықтары, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, оның жай-күйін бақылау, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту және даярлықтан өткізу міндеттері туралы айтылды.