Филиалды таңдаңыз:
28.07.2016
Apple өнімінің пайдаланушысына арналған iOS операциялық жүйесінің негізінде мобильды қосымшасының жаңа ЕНПФ 2.0 нұсқасы шықты.
Қосымшаның барлық бөлімі авторланбаған пайдаланушылар үшін қолжетімді болып отыр. Енді байланыстар туралы ақпаратқа тез қол жеткізіп, Қордың қаржылық көрсеткіштері мен соңғы жаңалықтарын біле аласыз. Сонымен қатар қосымшаны планшеттерде пайдалану мүмкіндігі бар. Оның үстіне, қосымшадан бір басу арқылы БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласа аласыз.
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу үшін логин мен пароль енгізу қажет. Сол жерде көптеген пайдаланушылардың сұрауы бойынша ЭЦҚ арқылы авторлану қызметі пайда болды. «Интернет байланысы арқылы» немесе «электрондық пошта бойынша» хабарлау тәсілін таңдаған пайдаланушылар үшін жеке кабинетте тіркеу және бір реттік пароль алу қызметі қолжетімді. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден төлемдер талдамасын көру мүмкіндігі қосылды, ол салымшының жеке шотына зейнетақы қаражатын аударатын агент (ұйым) туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Қосымшаның қызметімен қатар дизайны да едәуір пысықталды. БЖЗҚ мамандары қосымша ішіндегі навигацияны ыңғайлы және интуициялық түрде түсінікті етіп жасауға тырысты.