Филиалды таңдаңыз:
30.08.2016
2016 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу құрметіне Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында «Қолжетімді Мемлекет» бағдарламасы өтті.
«БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің департаментімен, Алматы облысының білім департаментімен, Халыққа қызмет көрсету орталығымен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметтер таныстырылды.
Қор қызметкерлері Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді, сондай-ақ салымшыларға ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу және зейнетақы жинақтарына электрондық қолжетімділік рәсімдері сияқты біздің қордың қызметтері көрсетілді.