"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
20.09.2016
Техникалық шоттарды өңдеу бойынша бағдарламаның орындалу есебінен бір айда шарттар саны 50 мың бірлікке азайды. Басқаша айтқанда, 1998 жылдан 2003 жылға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғанда автоматты түрде ашылған шарттарсыз шоттар саны қысқарды. БЖЗҚ құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін техникалық шоттар санын қысқарту – Қор алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірі. Қазір мұндай шоттар шамамен 498,6 мың бірлік, барлық активтерді БЖЗҚ-ға біріктірген уақытта олардың саны 700 мыңнан көп болды. Салымшылардың техникалық шоттары болса, Қор тұрақты түрде олардың дұрыс деректемелері көрсетілген шоттарындағы зейнетақы жинақтарын біріктіру бойынша іс-шараларды өткізеді.