Филиалды таңдаңыз:
21.10.2016
2,5 миллионға жуық адам немесе әрбір 4-ші салымшы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдаған. Осылайша 214 мыңға жуық адам үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жетті. Оның ішінде Android платформасындағы қосымшаны 289,6 мың рет жүктеп алған, iOS – 62,2 мың, Windows Phone – 6,1 мың.
2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметін іске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 қазанға дейін электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 330 мың үзінді көшірме берілген. Салыстырып көріңіз, жыл басында портал арқылы 125 мың үзінді көшірме берілді.