Филиалды таңдаңыз:
23.11.2016
2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 2017 жылға БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақысының шамасы:
Еске сала кетейік, зейнетақы активтерін біріктіріп, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру комиссиялық сыйақы шамасын бұрын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары өндіріп алатын комиссиялармен салыстырғанда екі есе азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық табыстан алатын комиссиялық сыйақысы бұрын 15%-ға дейін жеткен, ал зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы айына 0,05% болған. Кейін 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысымен 2016 жыл үшін инвестициялық табыстан алынатын комиссиялық сыйақы шамасын 30%-ға, ал зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы мөлшерін 10%-ға азайту туралы шешім қабылданды.