Филиалды таңдаңыз:
16.02.2017
Қоғамдық Кеңестің төрағасы болып белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев сайланды.
Жоспардан тыс, бірақ ашық дауыс беру жолымен Кеңес төрағасының орынбасарын да сайлау туралы шешім қабылданды.
Көпшілік дауыспен Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары болып «Деловой Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары Алевтина Донских сайланды.
Кеңес мүшелеріне 2017 жылға арналған «БЖЗҚ» АҚ қызметінің ақпараттық ашықтығын арттыру бойынша шаралар жоспары ұсынылды. Шаралар жоспары аясында Қоғамдық қабылдау, ашық есік күндерін өткізу, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымының блог-тұғырнамасын жасау және жүргізу, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру жоспарларнған.