Филиалды таңдаңыз:
11.04.2017
«БЖЗҚ» АҚ өз қызметінің ашықтығын арттыруға, көрсететін қызметтерінің сапасын жақсартуға және азаматтар үшін ақпарат алудың қосымша ыңғайлы арнасын жасауға ұмтылуда. Азаматтарға ақпарат берудің қосымша арналарының бірі – Қордың Telegram-дағы ресми арнасы.
Енді арнаның әрбір оқырманы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, жақын болашақта енгізілетін жаңа енгізілімдер және БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттарды шұғыл түрде ала алады.
«БЖЗҚ» АҚ телеграм-арнасына жазылу үшін компьютер немесе ұялы телефондағы браузер арқылы telegram.me/enpfkz сілтемесіне басу керек. Бұдан кейін «Join» («Қосылу») түймешігін бассаңыз жеткілікті. Бірақ екінші жолы да бар: Telegram-да іздеу белгішесін басып, арнайы жолға «enpfkz» немесе «АО ЕНПФ» атауын енгізу керек. Бағдарлама қажетті арнаны өзі табады. Соған кіріп, «Join» түймешігін басу қажет.
Айта кетелік, қазақстандықтар зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттарды Қордың www.enpf.kz ресми сайты, одан басқа Қордың Facebook, ВКонтакте, Twitter, Одноклассники және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары, сондай-ақ ENPF ұялы қосымшасы арқылы да ала алады.