Филиалды таңдаңыз:
22.05.2017
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,93 трлн. теңге болды және өткен жылмен салыстырғанда (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,69 трлн теңге болған) 240 млрд теңгеге өсті.
2017 жылғы 1 мамырда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,05 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. 2017 жылғы 1 мамырда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 428 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39 мың бірлік болды. Ал ағымдағы жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 420 мың және 39 мың бірлікті құраған болатын.
2017 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгені құрады.