"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

21.06.2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының Ақтөбе облысына іссапары

2017 жылғы 21 маусымда «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайым Нұрбибі Наурызбаева ірі өнеркәсіптік кәсіпорын – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының («Казхром» трансұлттық корпорациясы» АҚ филиалы) жұмыскерлерімен кездесті.

Бұл еліміздегі көне кәсіпорындардың бірі. Оның алғашқы ферроқорытпасы сонау 1943 жылы өндірілген. Бүгінде кәсіпорын шетелдерге шығарылатын көптеген өнімдер шығарады. Зауытта 4,3 мың адам жұмыс істейді және барлығы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар. Сонымен қатар мұнда 2 мыңнан астам адамның шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылады.    

Кездесу барысында мынадай мәліметтер жария етілді. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,99 трлн теңгені құрады. Ал 2 маусымда ол 7 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтары 310 млрд теңгеге өсті, ал таза инвестициялық табыс осы кезеңде 114,4 млрд теңгені құрады.   

 

Ресми деректерге сәйкес Ақтөбе облысы халқының саны 834,8 мың адамнан асады. Олардың жартысынан астамы еңбекке қабілетті жаста. Бұл ретте 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналары бойынша  479,7 мың шот ашылған. Облыс тұрғындарының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 359,7 млрд теңгені құрады. Бұл өңірде 15 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде 260 кәсіпорын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударады. Айлық табыстың 5 пайызын құрайтын бұл жарна 2014 жылдың басынан енгізілген және оны жұмыс берушілер зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен аударады.

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыстағы жұмыс берушілер 31 мың жұмыскер үшін зейнетақы Қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (республика бойынша барлық МКЗЖ-нің 8 пайызы) төлейді. Бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,2 млрд теңгені (республика бойынша зейнетақы жинақтарының осы түрінің 6 пайызы (116,3 млрд теңге)) құрайды. 

Сондай-ақ облыстың үлесі ерікті зейнетақы жинақтарының саны бойынша 21 пайызды, ал сомасы бойынша 26 пайызды құрайды.   

Зауыт жұмыскерлері Қор басшылығының таныстырылымымен танысып болған соң, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, оларды аудару шарты, зейнетақы активтерін инвестициялау, сақталуы және алу тәртібі бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды. 

Бұдан басқа, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мәселесі талқыланды.  2018 жылдан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылатыны белгілі. Кездесу барысында әйелдердің зейнеткерлік жасқа толу мерзімінің ұлғайтылу себептері де түсіндірілді. Сондай-ақ жұмыскерлерді өздерінің жинақтары бойынша ақпарат алу тәсілдері қызықтырды.

Бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Ал Ақтөбе облысында Қордың 16 бөлімшесі – облыс филиалы мен дербес қызмет көрсету орталықтары халыққа қызмет көрсетеді. Оларда өткен жылы 308,8 мыңнан астам операция жасалған.  

Кездесуге қатысушыларды әсіресе БЖЗҚ-ның электрондық қызметтері: үзінді-көшірмені ғаламтор немесе ұялы қосымша арқылы алу мүмкіндіктері қызықтырды.  

Бүгінгі таңда облыс бойынша 240 мыңға жуық салымшылар мен алушылар ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған. Өз кезегінде БЖЗҚ өкілдері осы кездесуден кейін интернет-қызметті пайдаланушылар саны арта түсетіндігіне сенім білдірді. Өйткені, бұл зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың өте ыңғайлы түрі. Басқарма төрайымы сонымен қатар ағымдағы айдың соңына дейін Қордың сайты арқылы жаңа сервистің іске қосылатындығын айтты. Сол арқылы енді міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашуға және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен зейнетақы төлемдерін алуға өтініш жіберуге болады. Жақын болашақта бұл сервистерді электрондық үкімет порталына да енгізу көзделіп отыр.   

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен болған кездесуінде жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйі, қызметі, облыс тұрғындарын қамтуы, тұрғындарға ақпарат беру және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері көтерілді. 

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Атырау облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта аталған мәселелерді шешу, зейнетақы жарналарының тиімділігін дәріптеу және тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған бірлескен шараларды өткізу көзделген.     

 


Просмотров 5310

Тізімге оралу